Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 2474 5 пікір 18 Наурыз, 2022 сағат 18:30

Наурыз – ел бірлігінің мәдени коды: ізденіс, тұжырымдама, тәжірибе

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО өкілдігі, Иран Ислам Республикасы, Түркия Республикасы, Түркіменстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы елшілігі тұлғаларын, мамандарын, шетелдік және отандық ғалымдар қатысқан «Наурыз – ел бірлігінің мәдени коды: ізденіс, тұжырымдама, тәжірибе» атты халықаралық конференцияда адамзат тарихында орны айрықша мерекенің бүгінгі замандағы мәртебесі мен ғылыми-практикалық жан-жақты зерделеніп, байыпталды.

Ғылыми жиынға қатысушы отандық және шетелдік ғалымдар наурызтанудың қазіргі өзекті мәселелерін талқылап, бүгін, таяуда және болашақта атқарылатын ғылыми ізденістер мен жобалардың іс-жоспарын белгіледі.

Қатысушы ғалымдар конференцияның төмендегі қарарын қабылдады:
- Наурызнамаға байланысты зерттеулер мен практикалық ізденістердің мейлінше толық электрондық базасы жасақталсын;
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті (философия, этнология, мәдениеттану бағыты) тарапынан «Наурыз мерекесі: заманауи талғам мен талап» атты жұмыс комиссиясы құрылсын;
- Соңғы жылдардағы «Наурыз мерекесін» атап өту мен жүргізудің сценарийлері тарихшы, этнограф, мәдениеттанушы ғалымдардың сүзгісінен өтіп, жинақ түрінде әзірленіп, шығарылып, тиісті орындарға, барлық кітапханаға таратылсын;
- Наурыз мерекесіне қатысты іс-шаралар кешені Тәуелсіздік құндылықтарымен сабақтастырыла байыпталып, кеңінен насихатталсын;
- «Тарихи Наурызнама» (әлемдік антология) БҰҰ тілдеріне аударылып, халықаралық кеңістікке танытылсын;
- Наурыздың мән-маңызына байланысты ғылыми тұжырымдар мен қағидаттар білім үдерісіне, әсіресе мәдениеттану, философия, этнология және өнертану салаларына енгізілсін;
- Парсы және түркі мәдениетіндегі наурызнамаға байланысты тәжірибелер, ойлар, ғылыми қорытындылар әлем мәдениетінде кең қолдануға мүмкіндіктер жасалсын;
- Түркістан өңірінде сақталған көне ескерткіштерді, соның ішінде наурызға қатысты ғұрыптарды зерттеуге ат салысу;
- Шығыс елдері мен Түркі дүниесінің халықаралық саяси, экономикалық, мәдени шараларын Наурыз мерекесіне орайластыру сұралсын;
- Наурызға орай халықаралық кітап және ұлттық мәдениет көрмелері ұйымдастырылсын;
- «Наурыз» төсбелгісін әзірлеу, оны қоғамға кеңінен тарату жауапты орындардан сұралсын;
- Наурыз шараларының бүлдіршіндер мен балаларға арналған танымдық және заманауи бағдарламалары көбейтілсін;
- Наурыздың (мерекенің) технологиялық, ақпараттық, қолданбалық мазмұнын, маңызын, әлеуетін көтеруді қолға алу керек;
- Қайырымдылық, рахымшылық шараларын Наурызға орайластыруды қарастыру.
Қарар жобасы конференцияның қорытынды бөлімінде оқылып, талқыланып, бекітілді.

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608