Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2727 0 пікір 20 Шілде, 2009 сағат 20:51

АЙМАҚ БАСШЫЛЫҒЫ АЙМАУЫТОВТЫҢ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕ МЕ ЕКЕН?

Жалпы, біздің облыс орталы­­ғында, аудан орталықтарында ескерткіштер жоқтың қасы. Бар дегеннің өзінде еліміздің көк байрағы желбіреген Шарбақты және Ертіс аудандық әкімдік­те­рінің алдында "жарқын бола­шаққа жол сілтеп" Ленин тұр.

Еліміз бен жерімізді қорғаған ба­тыр­ларға ескерткіш тұрғыз­ба­сақ та, барлық жерде Отан соғы­сына қа­тыс­қан жауынгерлерге арналған бел­гі-тұғырлар орна­тыл­ған. Облыс ор­талығында жалғыз ағашқа сүйе­ніп тұрған, Сұлтанмахмұт Торай­ғы­ров деуге келе қоймайтын ескерт­кіш бар. Көп қабатты үйдің түбін­дегі бұл ескерткішті аңғара қою да қиын.

Ғұлама ғалым Қаныш Сәт­ба­ев­қа ескерткіш орнатамыз деумен жылыстап жылдар өтіп еді, жа­қында бюсті тұғырға қондырыл­ды-ау. Бірақ бюсттің ескерткіш емес екенін ескеруіміз керек. Қу­ғын-сүр­гін зоба­лаңын көргендердің ұрпақ­та­ры осыдан он жыл бұрын қой­ылған қара тасқа барып өткенді еске түсіріп қайтады. Уәде етілген ескерт­кіштің бой көтерер түрі көрінбейді. Өшкеніміз жанып, өткеніміз қайта оралып жатқанда, бүгінгі ұрпақтың өз ата-бабаларын білгені жөн емес пе? Және де облыс орталығына бюст-мүсіндер емес, қазағым деп елінің, жерінің ер­­кіндігін аңсаған ұлылардың ой­лылығын, батырлар­дың айбынын кескіндеп көрсететін ескерткіштер орнатқанымыз ұтымды болмақ.

Павлодарда Аймауытов атын­дағы музыкалы драма театр мен Чехов атындағы орыс драма теат­ры бар. Орыс драма театры ал­дын­да Антон Чеховтың ойлы қа­лып­тағы ескерткіші жарасым тау­ып, қарсы алады. Жүсіпбек Ай­мауытов атындағы театр ұжымы, жал­пы, Керекудегі қазақ қау­ымы театрдың алдына Жүсіп­бек Аймауы­товтың ескерткішін орнатқанымыз жөн болар еді деп ұсыныс жасап, об­лыстық мәде­ниет департаментін, әкімдікті құлақтандырып жүргелі де біраз болды. Күні кеше бұл қуаныш су сепкендей басылды.

Аймауытовқа келгенде өзге емес, өзіміз бұлданып, тұлданып шыға келдік. Біз күтпеген жағдай орын алды. Театрдың маңайын­дағы құрылыс жұмыстарын ара­лап жүрген облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Жүсіпбек Аймауытовқа ескерткіш орнату жайлы сұрап қалып еді: "Бізде бір қалыптасқан әдет бар, теат­р­дың аты қалай аталса, сол адам­ның ескерткішін қою керек деген. Ал ертең театр басқа адамның аты­мен аталса, сонда тағы да бас­қа ескерткіш орнатамыз ба?..", де­ген мағынада біртүрлі жауап естіді.

Еліміз тәуелсіздігін алғалы 20 жылға жақындап қалды. Біз бол­сақ, қазақ халқының біртуар арыстарының бірі Жү­сіпбек Ай­мауытовтың кім еке­нін әлі түсіне, түйсіне алмай жүргендейміз...

Фарида БЫҚАЙ, Павлодар

«Егемен Қазақстан» газеті, 18.07.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349