Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2869 2 пікір 31 Наурыз, 2022 сағат 13:39

Соғыстан кейінгі соғыс

Репарация (лат. reparatio) — халықаралық құқықта материалдық-құқықтық жауапкершілік түрі: мемлекеттің әскери шабуыл жасалған елге келтірген зиянын ақшалай не өзгедей нысанда өтеуі. Оған ұқсас, мағыналас ұғым - контрибуция деп аталады, бірақ оны қазіргі халықаралық құқықта қолдана бермейді.

Репарация төлеу әдетте бітім шартында қарастырылады, егер ол мүмкін болмаса халықаралық құқықтық актілермен де анықталады.
Ол өз тарихын сонау 1 ДЖС-нан кейінгі Версаль бейбіт келісімінен бастау алады. Соғысты бастаған Германия және оның одақтас елдері әлі күнге дейін бірқатар елдер алдында бережақтарын өтеуде.

Ирактың 1990-1991 жылы Кувейтке жасаған шабуылы үшін бастапқы бекітілген 352 млрд АҚШ доллары, кейін БҰҰ тарапынан қайта қаралып, 52,4 млрд дейін азайтылған екен. Осыдан қарап, ол сома үшінде халықаралық ұйымдар алдында қандай айқастар болғанын көзге елестетуге болады, кемітіп тастаған 300 млрд доллар далада жатқан ақша емес.

Таяуда ғана Украина ПРМ Денис Шмыгаль, Украина экономикасына Ресей тарапынан келтірілген шығын көлемін 1 трлн асырып бағалайтынын айтты. Оны халықаралық валюта қоры ішінара растап, тіпті Украинаның ЖІО (ВВП) соғыс салдарынан -35% төмендегеуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Көзге көп көріне бермейтін, осы жүріп жатқан процестер астарында не жатыр деп ойлайсыз?

Абзал Құспан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562