Ресей сарапшысы: «Келесіде Қазақстанды құтқармаймыз»
Қазақстан Ресейге салынған санкцияларды бұзбайды. Бұл туралы мәлімдемені Тимур Сүлейменов жасаған еді. Ол Қазақстан президенті әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары ретінде былай деді: «Біз санкцияларды сақтаймыз. Біз Қазақстанға қатысты АҚШ-тың немесе ЕО-ның қандай да бір жанама санкциялары салынғанын қаламаймыз». Бұл туралы ол Euractiv арнасына берген сұхбатында айтқан болатын.
Әрине, Ресей бұл мәлімдемеге қатысты өзінің позициясын көрсетуде.
«Қаңтар айында Ресей өз бітімгерлік күштерін Қазақстанға кіргізбегенде, жағдай мүлде қайғылы болар еді. Алайда Ресей Қазақстанға әскерін кіргізіп, тұрақтылықты құтқарып қалды. Ал қазір кей ресми тұлғалар АҚШ санкция салмау үшін, Вашингтонмен дос болайық деп отыр. Ендеше сіз анығын айтыңыз. Мүмкін сіз қаңтарда жасалмақ болғақ түріл-түсті революцияны қалайтын шығарсыз? Мүмкін сіз тіпті түрлі-түсті төңкерістерді жақтаушысыз ба? Егер сіз түрлі-түсті революцияны жақтасаңыз, онда сізге қылмыстық іс ашуға болады. Өйткені Ресей Қазақстанда төңкеріс жасауға талпынған жоқ қой», - дейді ТМД елдері институтының әскери сарапшысы Владимир Евсеев.
Евсеев артынша былай дейді: «Қазақстанда түрлі көзқарас бар. Онда русофобтар өте көп. Жағдай былай. Қаңтардағы оқиғаның бір нұсқасы ретінде АҚШ пен Ұлыбритания төңкеріс жасамақ болды дейді. Ал енді Ресей құтқарып қалған Қазақстан болса, "біз Ресейге көмектеспейміз, өйткені бізге санкция салуы мүмкін деп отыр". Егер сендер өздеріңе төңкеріс жасамақ болған елдің санкциясынан қорқып отырсаңдар, онда сондай революцияның екіншісін алуларың мүмкін. Бұл біріншіден. Екіншіден, қазір қалыптасып жатқан көпполярлы әлемде Қазақстанның өз орны бар ма? Егер оның еш орны болмаса, онда ол әрине бәрін дұрыс жасап отыр. Ал егер ол өзінің орны бар десе, онда оның дауыс беру құқығы бар ғой. Жағдай тым қарапайым.
Ресей Тоқаевты және Қазақстанда құтқарып қалды, тұрақтылықты құтқарды. Ресей қазіргі билікті радикалдардан құтқарды. Әрине Ресей Қазақстанның ішінде қандай да бір мәселе туындатуды ойламайды. Бірақ мен нақты айтқым келеді, Қазақстан Назарбаев дәуріндегідей көпвекторлықты жалғастыруға тырысса, онда оның ойыны осылуы мүмкін. Назарбаев кланының адамдары Тоқаевты тағы да құлатуға тырысуы ғажап емес».
Ресейлік сарапшы Қазақстан өз таңдауын жасауы тиіс және көпвекторлық деген қазіргі геосаяси өлшемге сай келмейді дейді. Сонымен қатар ол «келесі жолы Ресей көмекке келмеуі мүмкін» екенін де айтыпты.
Abai.kz