Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
46 - сөз 4037 7 пікір 6 Сәуір, 2022 сағат 11:49

Ресей арналарын қазақ медиакеңістігінен қуу керек

Қанқұйлы соғысты насихаттап, халықты өтірікпен суарып отырған Ресей телеарналарын қазақ медиакеңістігінен қуу керек дегенді айтып жүрміз ғой. "Московский комсомолец", "Комсомольская правда" сияқты газеттердің де таралуын шектейтін күн туды. Бұл сияқты ресейлік газеттер қараңғылық пен надандықты насихаттайтыны, журналистикамен емес, соғысқұмар, империалистік пропагандамен, конспирологиялық теорияларды таратумен айналысып отырғаны белгілі.

Біздің кеңес одағынан келе жатқан ескі көз оқығандардың көбі осындай газеттерді оқып, соларға сеніп әдеттенген, кейбірінің миы атала болып Путинді қолдап отырғаны да содан.

Мен саналылық жөнінен, жаппай алғанда, қазақ қоғамы ресей қоғамынан әлдеқайда озып кетті деп ойлаймын, бірақ ақпараттық тұрғыда әлі де қауіпсіздігімізге жұмыс істеу керек. Орыс медиасы надандықтан басқа ештеңе бермейді. Оларды оқу қараңғылықтың белгісі ғана.
Оған бүгінгі соғыста ғана емес, кешегі ковид кезінде де көзіміз жеткен. Классик аталып жүрген жазушымыздың бірі "ковидті АҚШ, адамзатты чиптеу үшін ойлап тапқан" деп "Жас Алашқа" мақала жазғаны бар. Кейін одан Азаттық тілшісі "неге олай жаздыңыз?" дегенде "МК"-дан солай оқыдым" деп жауап бергені есте. Сонда бұл кісілер үшін "МК" сенім стандарты болып тұр.

Екі-үш күн бұрын өте зиялы бір кісімен әңгімелесіп едім. "НАТО-нікі де дұрыс емес, уәдесін бұзды" деп қояды. "Қайдағы уәде? Путиннің қырық сылтауының бірі ғана ол, әйтпесе Украинаны жақын күнде НАТО-ға алмайтыны да, Украина жеріне ракеталарын әкелмейтіні де анық еді, жалпы Ресейдің ешкімге керегі жоқ. Бұл соғысқа империализммен ауыратын, орыстан озып бара жатқан украинды талқандауды мақсат қылған Путиннің шовинистік эгосы ғана кінәлі, оған дайындық туралы 2005 жылы Немцов та, одан бұрын Дудаев та, тб. да айтқан, ютубтан қараңыз" деп жатып әрең бетін бері қаратып алдым.

Жалпы, ресейлік медиа айтып жатқан өтірік, әсіресе Бучадан кейін, шектен шығып барады. Тіпті бұған тілімізде жаңа сөз/термин керек сияқты. Өйткені олар таратып жатқан маразмның жанында өтіріктің өзі сүйкімді болып қалады. Ағылшынтілділер Путин пропагандасына қатысты"пост-шындық/post-truth" сияқты жаңа термин ойлап табар деп ойлаймын жақында.

Әсия Бағдәулетқызы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1250
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2958
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3385