Жексенбі, 24 Қараша 2024
Бәрекелді! 3158 0 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 16:55

Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт. Игілікті істің мән-жайы

Нұр-Сұлтанда «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұсауы кесілді. Елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті. Жиынға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов төрағалық етті.

Іс-шараға қоғам қайраткерлері, заң органдары өкілдері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері, ҚХА мүшелері, ҚХА қалалық және облыстық Аналар кеңестерінің төрайымдары, «Қоғамдық келісім» КММ және ҚХА қоғамдық құрылымдарының басшылары қатысты.

«Мемлекет басшысының таяудағы Қазақстан халқына жолдауы елімізді жан-жақты дамытып, жетілдіруге бағытталған. Біз президент жолдауын Қазақстанның әр отбасына, әр анасына тікелей айтқан үндеуі деп қабылдаймыз. Себебі, әр отбасының мүддесі, ана мен баланың қауіпсіздігі президенттің жіті бақылауында екенін айтуымыз керек»,- деп сөйледі жиынды ашқан М.Әзілханов. Ол президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты жолдауында айтылған міндеттемелері, соның ішінде ҚХА жанындағы аналар  кеңесінің қызметі ел-жұрттың ерекше назарында екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Әзілханов президенттің қоғам талабын ескере отырып реформалар жүргізуді өзінің негізгі міндеттерінің бірі деп санайтынын да айта кетті.

«Мемлекет басшысының саяси реформалары еліміздің тұрақты дамуына, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, билік пен халықтың өзара диалог арқылы қоғамдық келісімді сақтауына, саяси әрі әлеуметтік-экономикалық салаларды нығайтуға бағытталған. Бұл аталған бастамалар пандемиядан басталып әлемдік дағдарысқа дейін жалғасқан қиын-қыстау кезеңдерге, қауіп-қатерге қарамастан жалғасын таба бермек», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.

Спикер аналар кеңесінің қызметі туралы айтып, халықтың әр түрлі әлеуметтік тобына жататын аналардың жағдайын жасау, әлеуетін арттырудың маңызды екенін ерекше атады.

«Біз бүгін «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруды ресми түрде бастағанымызды хабарлаймыз. Жоба барысында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары спектрінің өзара іс-қимылының тиімді синергиясы іске қосылады. Жобада отбасылық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрді сақтауға шақырып, тәрбиелеуге ерекше ықылас береміз», - деді Әзілханов.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің көтерумен дайындалған жоба. Бұл жобаның басты мақсаты отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың бойына таратып, ұлттық дәстүрді қадірлеуге, сақтауға шақыру болып саналады. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының арасында тығыз байланыс орнауы қажет. Жақын уақытта жобаның жол картасы әзірленіп, Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған өз жұмысын бастайды.

"Қазіргі таңда қыздың да, ұлдың да тәрбиесі маңызды. Бірде «қызды болсаң оны ардақты ана боласың деп тәрбиеле, ұлды болсаң абыз ақсақал боласың деп тәрбиеле» деген сөз бар деп айтқан едім. Сол уақытта бір жеткіншек сұрайды: «мен неге ақсақал болуым керек?»,- деп. Өскелең ұрпақтың «ақсақал» сөзінің мағынасын білмейтінін көрдім. Біздің міндетіміз осылайша ақсақал сөзінің қадір-қасиетін ұмытып бара жатқан жастардың есіне түсіру, түсіндіру»,- деп сөз сөйледі Павлодар облысы аналар кеңесінің төрағасы Бақытжамал Максилова.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын таныстырған Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи әр бағытқа тоқталып, орталық деңгейде де және жергілікті деңгейде де атқарылатын іс-шаралар туралы айтып берді.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы 2021 жылдан бері айтылып, бүгінде өз мәресіне жетті. Жоба 15 бағыттан тұрады. ҚХА жанынан құрылған аналар кеңесі 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Ол ассамблеяның негізгі құрылымдарының бірі болып табылады. Еліміз бойынша аналар кеңесінің 1832 құрылымы бар. Бүгінгі күні құрамында 13 мыңнан астам белсенді ана бар ұйым отбасындағы күрмеуі қиын мәселелер, балалар мен аналарға қатысты өзекті мәселелерді шешуге атсалысып жүр.

Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылық пен этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға және сақтауға өз үлесін қосып келеді.

«Қоғамдық ұйымның кейбір мәселелерде әлеуеті жетпей қалуы мүмкін. Біз бірлесе атқарғанда алдымызға қойған ең ұлы мақсат- ұлтымызды мәдениетті етіп тәрбиелеу. Осы мақсатымызға жетеміз деп ойлаймыз», - деді Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи.

Халқымыз ұлт болашағын анамен байланыстырған. Бүгінгі сәби ертеңгі ел іргесін ұстайтын азамат. Баланы жастайынан өз елінің тарихын білуге, салт-дәстүрін қадірлеуге, бойына ұлт намысын сіңіруде ананың рөлі ерекше. Сондықтан ана мен бала әлеуетін көтеру үшін, денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет жылда жаңа шаралар қабылдап жатады. Белсенді аналардан құрылған ұйымның жаңа бастамасы да мемлекеттің ұстанымына дәл келетін, болашақта өз жемісін беретін жобаның бірі.

Жиналыс барысында әр аймақтан қатысқан Аналар кеңесінің төрайымдары өңірлерде этномәдени бірлестіктердің қолдауымен өңірлерде атқарылып жатқан іс-шаралар жайында айтып берді. Сондай-ақ жобаны іске асырғанда нәтижеге жету үшін қоғамдық институттарды тарту бойынша сарапшылардың ұсынысы ескерілді.

Жиын соңында ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілханов қатысушылардың сөздерін қорытындылап, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға ҚХА Аналар кеңесіне белсенді қолдау көрсетуді және жобаның жол картасын іске асыру бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасауды тапсырды.

Қатысушылар барлық айтылған іс-шаралар мен ұсыныстар толықтай іске асырылатынына, ал «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы ортақ іс-әрекеттің арқасында өзінің түпкі мақсаты жетіп, нәтиже көрсетініне сенім білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562