Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3701 0 пікір 26 Қазан, 2012 сағат 09:01

Шәріпхан Қайсар. Ақтаудағы сот: «той» мен топалаң

Сонымен,  «Алға» белсенділері Сапарғали мен Козловтың, сондай-ақ ереуілшілердің басты арандатушыларының бірі Әминовтің үстінен Ақтауда өткен сот  аяқталды. Айыпкерлердің шынымен де халықтың арасында әлеуметтік араздықты қоздырумен айналысқаны және Әбіләзовтің тапсырмасы бойынша елді билікке қарсы күш қолдануға шақырғаны дәлелденді. Айта кетерлігі, мұның барлығы сот отырысы басталғанға дейін-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының қолына түсіп, ел ішіне тарап кеткен Әбіләзовтің өзіне бағыныштылармен телефон арқылы болған әңгімелерінен  әлдеқашан белгілі болған жайттар. Сот отырысы барысында олар заңдық жазасын алып, айыптылар жазаға тартылғаны болмаса,  бұл іс халыққа керемет жаңалық болды деуге келмейді.  Дегенмен, сот отырысы халыққа бұрын беймәлім болып келген тағы қандай фактілердің бетін ашты? Сот барысы қазақстандықтар мен халықаралық байқаушылардың тағы қандай сауалдарына жауап берді? Осы мәселені тарқатып айтып көрелік.

Козловтың, Сапарғалидың және Әминовтің үстінен болған сот отырысы бірқатар мәліметтердің бетін ашып берді.

Сонымен,  «Алға» белсенділері Сапарғали мен Козловтың, сондай-ақ ереуілшілердің басты арандатушыларының бірі Әминовтің үстінен Ақтауда өткен сот  аяқталды. Айыпкерлердің шынымен де халықтың арасында әлеуметтік араздықты қоздырумен айналысқаны және Әбіләзовтің тапсырмасы бойынша елді билікке қарсы күш қолдануға шақырғаны дәлелденді. Айта кетерлігі, мұның барлығы сот отырысы басталғанға дейін-ақ бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының қолына түсіп, ел ішіне тарап кеткен Әбіләзовтің өзіне бағыныштылармен телефон арқылы болған әңгімелерінен  әлдеқашан белгілі болған жайттар. Сот отырысы барысында олар заңдық жазасын алып, айыптылар жазаға тартылғаны болмаса,  бұл іс халыққа керемет жаңалық болды деуге келмейді.  Дегенмен, сот отырысы халыққа бұрын беймәлім болып келген тағы қандай фактілердің бетін ашты? Сот барысы қазақстандықтар мен халықаралық байқаушылардың тағы қандай сауалдарына жауап берді? Осы мәселені тарқатып айтып көрелік.

Козловтың, Сапарғалидың және Әминовтің үстінен болған сот отырысы бірқатар мәліметтердің бетін ашып берді.

Біріншіден, «Алға» радикалды ұйымының өкілдері алдын-ала, әрі қасақана елімізде жаппай тәртіпсіздік жасаудың дайындығын жасаған. Олар ел арасында болып тұратын әлеуметтік және еңбек дауларына саяси сипат беру үшін белсенді жұмыс жасап, азаматтардың мемлекетке деген қатынастарын түрлі амал-айлалар арқылы, қажет болғанда қылмыстық тәсілдер арқылы ушықтырып, оларды шағыстыра түскен.

Екіншіден, қақтығысты дайындау барысында шетелде де көптеген жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, өздері қолшоқпар ретінде пайдаланған адамдарды бір арнаға жұмылдыратын арнайы нұсқаушылар даярлаған, бұл іске байланысты мемлекетке қара күйе жаға түсу үшін халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Әбіләзовке қарасты бұқаралық ақпарат құралдары тартылып, жұмылдырылған. Сырттан арандату шараларын дайындауға қажетті материалдар мен Жаңаөзендегі ереуілшілер қозғалысына және «Алға» мен Козловқа бағынып, олармен қоян-қолтық жұмыс істеуге келісім берген бірқатар белсенділерге қолдау білдіретін қаржы қаражат алдырылған.

Үшіншіден, Әбіләзов, Козлов және «Алғаның» басқа да бірқатар мүшелері Қазақстанның егемендігі мен мемлекеттік құрылысына нұқсан келтіретін шаралар жасап жатқандарын алдын ала білген. Әрекеттеріне сәйкес қандай жазаға тартылулары мүмкін екенін де олар жақсы білген, бірақ бұл оларды райларынан қайтарған жоқ, олар қылмыстық әрекеттерін жалғастыра берген. Оларды өз әрекеттерінің моральдық жағы ешқандай да қызықтырмаған, сондықтан да өздерінің отандастарына қарсы лаңкестік әрекетке олар ешқандай да қымсынбастан барған. Бұған Әбіләзов пен Атабаевтың арасында телефон арқылы болған әңгімені тыңдап-ақ көз жеткізуге болады.

Төртіншіден, Козлов пен «Алғаның» басқа да мүдделі мүшелері алдын-ала баскесерлер мен қарақшыларды дайындап, олар дайын болғанға дейін алаңда ереуілге шығып тұрған мұнайшыларды қолдарынан келген барлық амал-айлалар арқылы ұзақ уақыт ұстап тұруға барын салған. Олар миллиондаған отандастарының қауіпсіздігін жалғыз ғана адамның - алаяқ, қашқын алпауыт Мұхтар Әбіләзовтің жеке басының пайдасына айырбастаған.

Бесіншіден, айыптау жағы соттың, халықаралық байқаушылардың және жалпы қоғамның назарына ұсынған материалдар желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы барлық болған жайттарды қаз-қалпында көз алдымызға әкелуге мүмкіндік берді. Сот үдерісі барысында мәлім болған көптеген фактілер ненің қалай болғанын, оқиғаға кімнің қандай қатысы, қандай кінәсі барын түгелдей айтып тұр.

Осылардың арасынан соттың шешіміне ықпал етті-ау деген кейбір мәселелерді ғана назарларыңызға ұсынып көрейік:

«Келесі жылдың аяғына дейін билік омақа аса құлауы керек. Бұл шаруа негізі қолдан келетін іс, тек жақсылап жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін қоғамның әлсіз тұстарын: атап айтқанда мұнайшылардың, кеншілердің, ипотекалық несие алғандардың арасынан іздестіруді тапсырамын. Мен аймақтардағы қоғамның әртүрлі өкілдерімен белсенді жұмыс істеп жатқандарыңды жақсы түсінемін, бірақ бәрібір бұл салада жұмыс ойдағыдай жүріп жатқан жоқ. Әрине, оны да жалғастыра беру қажет. Дегенмен, ең бастысы мына билікті орынынан құлататын уақыт жетті», - деген Әбіләзовтің сөздерінен «Алға» мен Козловтың Жаңаөзенде болған оқиғаларға қаншалықты қатысы бар екенін өзі-ақ көрсетіп тұр. Мұнайшылар қаласы мен жүздеген ереуілшілерді Әбіләзов Қазақстан қоғамының ең әлсіз тұсы деп бағалайды.

2011-жылдың 25-қазанында Владимир Козлов пен Болат Атабаевтың арасында телефон арқылы болған әңгіме жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды қолдаудың бастапқы кезеңі шетелден бастау алғанын және Владимир Козловтың өздері қолға алып жатқан шаруаның салдары қандай жаза тартуға әкеліп соқтыруы мүмкін екенін жақсы білгенін көрсетеді.

«Айғай-шу болады. Жаңаөзенде. Ол жерде қазір кілең спортшылардан тұратын үлкен топ бар. Барлығы да баскесерлер. Олар құрбандыққа баруға дайын. Олар бұл әрекетке саналы түрде барып отыр. Олар менен өздерінің әрекеттерін ол (Әбіләзов.-ред) білуі қажеттігін талап етті. Ал, ол «барлығы соншалықты мұқият дайындалған болса, онда жан-жақты қолдау болады» деді. Әзірге олар мұны құпия ұстап отыр, өздері оны «той» деп атапты. Володя, түсінесің бе, қан төгіледі», - деп есеп береді Атабаев Козловқа 2011-жылдың 25-қазанында.

«Біз онда қылмыстық жауапкершілікке тартыламыз...» дейді ол қыңқ етпестен.

Бұл Козловтың Қазақстан заңдарынан сауаты бар екенін, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін жақсы білгенін көрсетеді.

Осыдан кейін көп ұзамай, 31-қазан күні Владимир Козлов, Болат Атабаев, Әлия Тұрысбековалардың арасында болған әңгімеде бірінші рет «лаңкестік» деген сөз ашық айтылады.

«Нақты іспен айналысып жатқан адамдар да бар. Міне, олар бүгін Ақтауда жарылыс жасады. Олар туралы әзірге ешкім білмейді, олар түк болмағандай жарылғыш затпен келеді де, онысын іске қосады. Бұл мүлдем басқа схема, басқа технология, Терроризм», - дейді Козлов.

«Ал, терроризм қалай келеді? Мен заңды жолмен ештеңе өзгерте алмасам, демек терроризммен айналысуым керек. Сотпен мен ештеңе дәлелдей алмаймын, заңның аясында мен Қазақстанда ештеңе өзгерте алмаймын. Олардың (ереуілшілердің.-ред) өз жоспарлары бар. Олар мұнай тасымалдайтын құбырды жармақшы. Бірақ, әзірге олар мұны ашық айтпай отыр, сондықтан олардан ешкім күдіктенбейді», - деп шешенсіген Атабаев Әбіләзов жоспарының тағы бір қырын байқамай ашып қояды.

Әбіләзовтің жоспарын жүзеге асырудың ең шарықтау шегі 2012-жылдың 16-желтоқсанында Козлов пен Әмірованың арасында болған әңгімеден анық көрінеді.

Ол жерде Әмірова Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» бен жергілікті әкімшіліктің ғимараты өртелгені туралы және алаңда үлкен қақтығыс болып жатқаны туралы баяндайды.

«Өзенмұнайгазды өртеді, әкімшілікті өртеді, алаңды өртеді», - дейді Әмірова.

- Мұны кім істеді? - деп сұрайды Козлов.

- Мен Сапарғалиға барғанымды ол мәз болып ыржиып тұрды. Мұны істеген сол, - деп жауап береді оған Әмірова.

Міне, «алғалықтардың» осындай адам жанын түршіктіретін сатқындығы мен қаныпезерлігін қатар көрсеткен тың фактілер Ақтауда өткен сот отырысы барысында судьялардың әділ шешім қабылдауына нақты ықпал етті.

«Masa.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292