Шыңжаңнан қазақтар көшіп келуде
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/04/image_l-1.jpg)
22 сәуірде Қытайдың Шынжаң өлкесінен 20 қазақ отбасы Алматыға ұшып келді. Оларды Алматы әуежайынан күтіп алған "Отандас ел" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұқан Мамытхан осыдан бес жыл бұрын көші-қон шақыртуын жібергендерін айтады.
– 2017-2018 жылы Қытайда тұратын 100 үйге көші-қон шақыртуын жіберген едік. Соның алғашқы бөлігі келіп жетті. Біздің есебіміз бойынша жыл соңына дейін шақырту жібергендер түгел келіп болуға тиіс, – дейді Мұқан Мамытхан.
Көшіп келгендердің бірі 59 жастағы Оралтай Нұрдынай Құлжа қаласынан келген. Отбасында жеті адам бар. Айтуынша, Қытай билігі қазір тек отбасымен толық көшетіндерге ғана рұқсат беріп отыр.
– Құлжадан Үрімжі-Шенг Ду арқылы төрт күн жүріп келдік. Атажұртқа жеткенімізге қуаныштымыз. Алдағы жоспарды туыстармен ақылдасып шешеміз, - деді ол телефон арқылы. Ақпаратқа қарағанда, 20 отбасы уақытша Алматы облысына орналастырылады.
Abai.kz