Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5632 0 пікір 30 Қазан, 2012 сағат 10:01

Еркінбек Серікбай. Шымкент қаласын Шөкеев қаласы деп өзгертейік...

Дарақылыққа келгенде қазакем алдына жан салмайтын болды. Көшеге көкөсінің, ауыл-аймаққа атасының атын беруді дәстүрге айналдырып алды. Қала берді аудан-қаланы адамның атымен атауға көштік. Осы үрдіс бойымызға сіңе берсе тағы жарты ғасырда аудан атаулары түгелімен «еліне еңбек сіңірген» қайраткерлердің атымен аталуы ғажап емес. Мәселен,  Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би секілді ауданда өмір сүру үшін тек сол атаның ұрпағы болу керек деген ойға саяды. Егерде сен әлгі атаның руынан болмай, бірақ сол ауданда тұрып жатсаң күнің қараң. Көрген күнің күн емес. Не қызметте, не жай өмірде ауданға атасының аты берілген көршілерің сені шалумен жүреді. Бұл - нағыз рушылдық ауруының қоздырғышы.

Дарақылыққа келгенде қазакем алдына жан салмайтын болды. Көшеге көкөсінің, ауыл-аймаққа атасының атын беруді дәстүрге айналдырып алды. Қала берді аудан-қаланы адамның атымен атауға көштік. Осы үрдіс бойымызға сіңе берсе тағы жарты ғасырда аудан атаулары түгелімен «еліне еңбек сіңірген» қайраткерлердің атымен аталуы ғажап емес. Мәселен,  Төлеби, Қазыбек би, Әйтеке би секілді ауданда өмір сүру үшін тек сол атаның ұрпағы болу керек деген ойға саяды. Егерде сен әлгі атаның руынан болмай, бірақ сол ауданда тұрып жатсаң күнің қараң. Көрген күнің күн емес. Не қызметте, не жай өмірде ауданға атасының аты берілген көршілерің сені шалумен жүреді. Бұл - нағыз рушылдық ауруының қоздырғышы.

Ендеше, әр облыста адам атымен аталатын аудан қалаларға назар аударайық. Көш басында тұрған Солтүстік Қазақстан облысында: Жамбыл ауданы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Мамлют ауданы, Ғабит Мүсірепов ауданы, Тимирязев ауданы, Шоқан Уәлиханов ауданы, Шал ақын аудандары бар. Тізім төмендегідей жалғаса береді. Алматы облысы: Панфилов ауданы, Қарасай ауданы, Райымбек ауданы, Жамбыл ауданы, Ескелді ауданы; Оңтүстік Қазақстан облысы: Төлеби ауданы, Бәйдібек ауданы; Жамбыл облысында: Байзақ ауданы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Атырау облысы: Исатай ауданы, Құрманғазы ауданы, Махамбет ауданы; Алматы қаласында: Әуезов ауданы; Қостанайда: Алтынсарин ауданы, Амангелді ауданы, Денисов ауданы, Жангелдин ауданы, Федеров ауданы, Лисаковск қаласы болса, Шығыс Қазақстан облысында: Курчатов, Абай аудандары бар. Біздің бұл тізімімізге ілінбей қалған Маңғыстау облысында жақында адам атымен аталатын «жаңадан» қала пайда болмақ. Жаңадан дегеніміздің сыры жылға жуық уақыт бұрын бұл қаланы арнайы әскер қырып тастаған. Сол кезде жайдан-жай қырмаған шығар... Қаланың жаңа атауымен келіспей қарсылық білдірер деген күдікті - күдікті адамдарын стратегиялық мақсатпен қырған екен ғой. Жаңаөзеннің рухын сөндіру, жүректегі дақты қинап өшіру  мақсатында қаланың атын өзгертпек. Бұл әрекет жүректегі жаранының аузын ашу, булыққан ызаны қайта қоздыру ғана. Ақылы болса билік «Жаңаөзенді» «Жаңаөзен» күйінде қалдыру керек.

Бұл әдетті тоқтатпайтын болсақ, болашақта еліміздегі барлық жерді адамның атымен атайтын боламыз. Қайбір жылы Сәт Тоқпақбаев Президентке жақсы көріну үшін Астана қаласының атын «Нұрсұлтан» деп атауды ұсынды. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Жағымпазданудан алдына жан салмайтын елдің өрендері күннің күнінде С.Тоқпақбаевтың қиялын шынға айналдырып жатса, таң қалмаңыз. Кейбір ағаларымызбен әпкелерімізден: Астана Елбасының бел баласы, Елорда Президентіміздің қазаққа жасаған сыйы деген жағымпаз көріпмелерін естіп келе жатырмыз. Көп түкірсе көл болады. Елордамыздың аты еліне «елеулі» адамның атымен аталып жатса, жөн болыпты дерміз.

Астана - ол үлкен қала. Әлбетте, үлкен жалғыз болады. Оның жанынан орташа, кішкенелер мың-мыңдап табылады. Бойымызға дендеп сіңіп келе жатқан бұл дәстүрдің соңы былай түрленбек: Қолында билігі, қалтасы қалың дөңейлер әрбір облысты қаланы, ауданды өз аттарына аударып алулары ғажап емес. Біздің болжам бойынша олар төмендегідей болады: Атырау қаласы Иманғали болып өзгереді. Шымкент қаласын беймарал Шөкеев қаласы деп өзгерте беруге болады. Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласын Саудабаев қаласы дейміз бе, әлде Үмбетовке береміз бе? Екі мың жылдық тарихы бар дейтін Таразды Қайрат Мәми есімен жаңаласақ қалай қарайсыз? Әлде Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров есімімен алмастырамыз ба?..

Көріп отырғанымыздай бізде мықтылар жетеді. Әр қайсысының есімі бір атан түйеге жүк болады. Сондықтанда олардың есімдеріне бір-бір қала берсек неміз кетіп барады. Оның үстіне он шақты жылда айдай әлемге көрсетіп Астана салған біздің еліміз үшін жай қала салу ойыншық сияқты нәрсе ғой.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036