Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3984 20 пікір 2 Мамыр, 2022 сағат 10:52

Арабқа айналып, жоғалған ұлттар хақында...

Ирандық, Пакістандық, Ауғандық, Ирақтық, Сириялық, Египеттік, Тунистік, Алжирлік, Ливиялық, Марокколық, Ливандық халықтар түгелдей тарихта араб емес болатын, қазір толық, не жартылай араб болып кетті.

Тарихтағы даңқы мен жоғары өркениетіне қарамастан, бұлар қазір басынан бағы тайған, сорлаған мешеу елдер. Олар араб болудың жаман екенін толық дәлелдеді.

Түркия Ататүріктің арқасында арап болудан құтылып, өркениетті ел құра алды. Бірақ араб етуге жанталас әлі жалғасуда.

Қазақ, Өзбек, Қырғыз, Татар, Әзербайжан, Ұйғыр ұлттары ежелгі Ғұн, Сақ, Түрік ұрпақтары болып, арабпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мүлде бөлек тектен еді. 300 жылдық орыс отаршылдығы себебінен олардың араб болуы біршама кешікті.

Ал тәуелсіз елдер құрылған кезде орайды пайдаланып лап қойған жалдамалы жанкешті У ағызшылар арабқа айналдыру процессін шұғыл бастап кеп жіберді.

Олар ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды түгел жамандыққа балап, араби құндылықтарды тұс-тұстан тықпалап, арабқұлдықты әтуарлап, орыстандыру процессінің орнын арабизацияға тез алмастырғысы келіп жінікті.

Тәуелсіздікті саяси тұрғыда орыстан алғанымыз рас. Бірақ мәдени тұрғыдағы, рухаи тұрғыдағы тәуелсіздікті арабтан алу керек, экономикалық тұрғыдағы тәуелсіздікті қытайдан алу керек! Әйтпесе ұрпағымыз сүйінер іргелі бірегей ел құра алмаймыз.

ИСЛАММЕН АРАП БОЛЫП ЖОҚ БОЛЫП КЕТКЕН ӨРКЕНИЕТТЕР ..

Ең ежелгі өркениеттің бесігі болған Ирандық парсылыр араб емес еді. Исламмен танысқалы арабқа айналды.

Пакистандықтар, Ауғандықтар - Араб емес еді, бірақ олар да арабқа айналды.

Ирактықтар - Арап емес, ескі Шумерлердің, Ассириялықтардың, Вавилондықтардың ұрпағы. Олар да арабқа айналды.

Сириялықтар да арапқа айналды.

Түркия Мустафа Кемаль Ататүріктің арқасында арап болудан құтылған еді, бірақ тап қазір арапқа айналуда.

Тунис Арап емес, ежелгі Карфаген атақты қолбасшы Ганибалдың ұрпақтары. Қазін олар да Арапқа айналды.

Алжирліктер, Ливиялықтар, Мароккандықтар - Арап емес Туарег немесе Берберліктер болатын…Арапқа айналып шыға келді.

Ливан - Арап емес, тарихтегі ең мықты теңізші болған Финикиялықтардың ұрпақтары. Арап болып ассимиляцияға ұшырады.

Босниялықтар - Арап емес, исламды қабылдаған Сербтар, арабқа айналды.

Қазақтардың ежелгі аталары Көк Түріктер, сақтар, ғұнда бұлар араб емес еді. Арабқа айналу процессі басталып кетті.

Мамырбек Ерқалиев

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295