Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4239 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 08:43

Әбілхаят туралы аңыз

Назарбаев университетінің  ғалымдары ұзақ өмір сүрудің дәрісін ойлап тапты деген жаңалық бұқаралық ақпарат көздерінде кешелі бері жарияланып жатыр. Кешелі бері аталған беделді оқу орнында да әлем ғалымдары шоғырланып, ғылыми конференция өткізуде. Университеттің «Өмір туралы» ғылымдар орталығы шығарған бұл биоқоспа  "Нәр" деп  аталады.
Жадыларыңызды жаңғыртып қоялық, осыдан екі жыл бұрын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттерімен кездесу барысында Президент Назарбаев қазақ ғалымдарына адамның ғұмырын ұзартатын дәрі ойлап табуды тапсырған болатын. Елбасының сөзін екі етпеген ғалымдарымыз міне, сол тапсырманы «тастай» қылып орындап, «нәр» ұсынып жатыр. «Нәр» көпшілік сұранысындағы дәріханаларға түсе ме, нарқы қандай болады, ол расында адам ғұмырын ұзартатын «құдіретке» ие ме,   бұл сұрақтардың жауабы әзірге белгісіз.  Әйтеуір, ғалымдарымыздың сөздеріне сенсек,  аталған биоқоспа жасы ұлғайған адамдарға ғана емес, өмірден ерте озып кететін таланттардың да жарық дүниедегі «талқанын тауыспасқа» кепілдік беретін көрінеді. «Нәр» жөніндегі әңгімені ести сала оны біреулер мәңгілік өмір суы - әбілхаятқа теңепте үлгерді. Осы орайда есімізге сол әбілхаят туралы мына хикая оралды.

Әбден қартайған әкесі дүниеден озарда жалғыз ұлын шақырып алып, қолына бір кішкентай құмыра ұстатып, өсиетін айтты:

-    Балам, менің саған мирасқа қалдырар малым да, жаным да, барлық қазына-байлығым да мынау -  бір құмыра су ғана. Бұл кәусар суды мен бар ғұмырымды сарп етіп, арқа етім арша, борбай етім борша болып жүріп, қаншама қиындықпен зорға таптым. Бұл - Әбілхаят - өмір суы, оны ішкен адам мәңгі өмір сүреді, - деді.
Баласы:
-    Әке, ендеше осы суды өзің іш. Ауырып, қиналып жатырсың ғой. Маған сенің аман-есен, тір жүргенің керек, - деді.
Әкесі:
-    Онсыз да азды-көпті ғұмыр сүрдім. Ыстық-суықты, қызық-шыжықты бір кісідей көрдім. Асарымды асадым, жасарымды жасадым. Шешеңнің барында бұл іздеген шипалы су қолыма түспеді. Ал, қазір бүкіл қатарластарым да дүниеден озып кеткен соң ендігі жерде маған бұл қасиетті судың қажеті қанша?.. Ал сен болсаң әлі жассың, болашағың алдыңда, осы суды ішсең мәңгі ғұмыр сүретін боласың. Жалғыз өзің емес, бүкіл ұрпағың да мәңгі өмір сүрмек. Ала ғой, ұлым, саған өмір сүру керек. Әжетіңе жарат, - деп қасарысып, ішуден үзілді-кесілді бас тартты.
Әкесі көз жұмаған соң, азалы ұлы бір күні құмыраны сыртқа алып шығып, тығынын ашып, кесеге құйып ішер-ішпесін білмей, мөлтілдеген суға қарап ойланып отыр.
-    Бұл судың әбілхаят екені рас па? Мәңгілік өмірдің маған қажеті бар ма, жоқ па? - деп айналасына қарады.
Дүние сұп-сұр екен. Тау да, тас та, топырақ та, аспан да, шөптер мен ағаштар да сұрланып, қанын ішіне тартып алған ызғарлы қаракүз еді. Сұм жалғанда ешбір қызық жоқ сияқты.
-    Сонда мен мынау сұрқайы тірлікте дос-жарансыз жалғыз өзім итшілеп мәңгі өмір сүрмекпін бе? Бұл тірі азап емес пе? Бүкіл ұрпақтарым да солай мәңгілік азап шекпек пе? Әкем ішпеген суды мен неге ішпекпін? - деген ойдан түршіккен ол қолындағы суды айналасына шашып жіберді. Әбілхаят суы сол жерде өсіп тұрған шыршалар мен қарағайларға шашырады. Олар мәңгілік жап-жасыл болып қалды.
(Ұлықбек Есдәулет. «Әбілхаят» кітабынан 116-117 беттер)
«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377