Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4545 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 08:59

Қазақтың тұңғыш мультипликациялық фильміне 45 жыл толды

Кеше Алматыда «Цезарь» кинотеатрында «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты қазақтың тұңғыш мультипликациялық фильміне 45 жыл толуына орай салтанатты кеш ұйымдастырылды. Картинаның режиссері - қазақ мультипликациясының негізін қалаушы - Әмен Әбжанұлы Қайдаров.
1967 жылдың қыркүйек айында Мәскеу қаласында тұсауы кесілген аталмыш мультфильм «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты ертегінің желісі бойынша түсірілген болатын. Мультфильм 48 мемлекетте көрсетіліп, Ленинград қаласында өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде жүлдегер атанды. Ал 1975 жылы Уолт Дисней отаны Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультфильмдер фестивалінде қола жүлдені иемденді. Талантты суретші Әмен Қайдаровтың қылқаламынан шыққан «Ақсақ Құлан», «Құйыршық», «Қожа Насыр - құрылысшы», «Қырық өтірік өлең» сынды басқа да көптеген мультипликациялық фильмдер көрерменнің ықылас-ілтипатына бөленіп, қазақ мультипликациясы тарихынан лайықты орынына ие болды.
2011 жылы қыркүйекте VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі шеңберінде Қазақ киносының жұлдыздары аллеясында суретші, кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тарлан 2012» Тәуелсіз жүлдесінің лауреаты («Қосқан үлесі үшін»), КСРО кинематографистер одағының мүшесі, Суретшілер одағының мүшесі, профессор Әмен Хайдаровтың құрметіне естелік жұлдызша орнатылды.

Кездесу барысында көрермендер «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін, сонымен қатар, соңғы екі жылда «Қазақфильм» киностудиясы шығарған жаңа анимациялық туындыларды тамашалады. Олар: «Балақайлар мен бөжекейлер» (режиссерлері: Тхай Юлия, Қуат Қоңыркұлжаев, Рамиль Усманов), «Қошқар мен теке» (режиссері Батырхан Дәуренбеков), «Толағай» (режиссері Батырхан Дәуренбеков), «Оттан жаралғандар» (режиссер А Абильданов), «Мақтаншақ қыз» (режиссерлері: Тхай Юлия, Қуат Қоңырқұлжаев, Рамиль Усманов).

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377