Елорда әуежайының атын ауыстыруды ұсынды
Тоқтар Әубәкіров елорда әуежайына Екінші дүниежүзілік соғыстың батыры Талғат Бигелдиновтың атын беруді ұсынды. Бұл туралы блогер Самат Ысқақов өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Қазақтың тұңғыш ғарышкері елорда әуежайын Талғат Бигелдиновтың құрметіне атауды ұсынды. Тоқтар Әубәкіров көзілдірік киіп келгенімен, халық оны бірден таныды. Белсенді түрде суретке түсті. Жеңіс күні Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің өкілдері Кеңес Одағының екі мәрте Батыры ескерткішіне гүл шоқтарын қойды», - деп жазды блогер.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық әуежай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталады.
Abai.kz