Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1903 1 пікір 17 Мамыр, 2022 сағат 13:54

Зейнет жасын төмендетудің жолдары қарастырылады

Алдағы уақытта зейнет жасын төмендетудің бірнеше тәсілі қарастырылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. 

Өткен аптада Қазақстан әйелдерінің қозғалысы өкілдерімен кездесуге қатысқан министр Зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша мәселе қаралғанын айтқан.

Сонымен қатар ол, аталған мәселе жөнінде белсенді топ өкілдерімен бірлесе отырып жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Министрдің сөзінше, халықтың табысын ескеріп, зейнетке ерте шығудың бірнеше тәсілі қарастырылатын болады.

- Мен қазақстандықтардың зейнетке ерте шығуына қарсы емеспін. Бізде қазірдің өзінде зейнетақы аннуитетін рәсімдеуге және зейнет демалысына 55 жаста шығуға мүмкіндік бар. Факторлардың барлығын бірлесе отырып зерттеуіміз керек. Бұл кейін азаматтарымыздың зейнетақысы төмен болмауы үшін қажет, - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов қазақстандықтардың зейнет жасын төмендету туралы мәселені Үкіметте талқылауға дайын екенін айтқан болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502