Сейсенбі, 1 Қыркүйек 2026
Анық 6913 8 пікір 18 Мамыр, 2022 сағат 14:52

«Күшеніп бақа өгіз бола алмайды»

ҰҚҰШ-ның өткен саммиті туралы Ресей баспасөзі әлі ұшындырып жазып жатыр. Солардың бірінде дүниені түгел жау көретін бөстекі баспасөз: «Путин оқты көзімен атып, Тоқаев пен Лукашенконы қуырып жібере жаздады», -деген сыңайда суреттер жариялап, соңына ноқалай ноқат қойылған әлдебірдеңелерді айтыпты.

Содан бұл не сурет екен деп, Пұтекеңнің мордиясы көрінген рәсімге (фотоға) үңілдік. Қарасақ, Путин расында ышқынып-ақ, отыр екен. Бірақ кейіпі Крыловтың бақасы сияқты. Әйтсе де, «күшеніп бақа өгіз бола алмайды» ғой. Мына жерде де күшенген түр көрсеткенімен, Кремльдің қожасы өгіз бола алмай өлетін халде отыр. Оның үстіне шекесі шибарқыттанып, әжімінің қатары мен қатпары да қалыңдап кетіпті. Демек, миы құрғап, бас терісі жиди бастаған.

Енді көзіне қараңыз. Көзінің айналасы көтеуленіп, қызарып кеткен. Жылаған ба, қалай? Бұл ВВП-ның үнемі долданып, ызаланып жүретіндігінің белгісі. Долы адамнан ақыл да, айла да қашады.

Көзінің қарашығында да түк жоқ. Құр шақшиғаны болмаса, айбат, сес атаулы түгел сөнген. Бірақ сонда да ін аузында шақылдаған сасық күзенкөзденіп алыпты. Мен, тіпті, бұл кісі алдындағысын айырып, анық көруден қалған ба деп те отырмын. Тегінде Путиннің көзінде ақау бар. Соны бірден аңғарған «АиФ» газетінің тілшілері баяғыда-ақ, «Путин алысты көрмейді» деп, жазған болатын.

Дәурен Қуат

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 220
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 141
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 141