Сәрсенбі, 26 Тамыз 2026
Жаңалықтар 788 0 пікір 21 Тамыз, 2026 сағат 14:45

Украина: Біз келіссөзге дайынбыз!

Сурет: gazeta.ru сайтынан алынды.

Украина Ресеймен арадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуді жалғастыруға ниетті. Бұл туралы Зеленский офисі басшысының орынбасары Сергей Кислица мәлімдеді.

Киев АҚШ-тың қатысуымен өтетін үшжақты келіссөздерде өз уәждерін баяндауға дайын. Украина көшбасшысының офисі атап өткендей, Украинаның бейбітшілікті қаламайтыны туралы пікірді теріске шығару үшін дипломатия жұмыс істеуі тиіс.

«Дипломатия кез келген жағдайда жұмыс істеуі керек, өйткені біздің оппоненттеріміз бен жауларымыз әлемнің әртүрлі астаналарында дәл осы украиндар соғысты аяқтағысы келмейді және эскалацияға ұмтылады деген пікірді қалыптастыруға тырысуда», — деді Кислица «Укринформға» берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің Киевке сапары әлі де өзекті екенін қоса айтты.

Өткен түнде Ресей Украинаға ауқымды соққы берді. Киевте тұрғын үйлер қирап, балалар ауруханасы мен мектеп зақымдалды. Елдің басқа өңірлері де соққыға ұшырады. Осы күні украиналық ұшқышсыз ұшу аппараттары Ресей аумағындағы нысандарға шабуыл жасады.

Abai.kz

0 пікір