Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3372 4 пікір 23 Мамыр, 2022 сағат 14:36

Мағынасыз соғыс

Украина Мариопульде 24 мыңнан астам бейбіт халық Ресей атқылуынан қаза тапты деген ресми ақпарат берді. Сонымен бірге, соғыстың 75-ші күніне 24 600 Ресей жауынгері мерт болды деп жариялады.

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірді. Не мақсатпен?

Ресей тарапы Украиндер бізге қауіп төндіруде деген себепті алға тартты.

"Арнайы операция" деп, өзінің тоталды (жаппай) шабуылын "соғыс" деуден бас тартты. Өз агрессиясын білдірмеу үшін де қанша солдат қаза болғаны туралы да өз халқына ашық мәлімет бермей келеді... Осы күнге дейін 32 мыңнан астам ресейлік аналар өз балаларын іздеп, Украинаға "іздеу хат" жіберген екен...

Ресей Украинаны "ұлтсыздандыру" және "қарусыздандыру" саясатын алға тартты.

Олар Украинаның 30 жылдан бері Тәуелсіз мемлекет екенін, Украиндер ешкімге тәуелді болмай, өз еркімен саясатын жүргізуге, кіммен дос болуға, кіммен қандай қатынаста болуға құқылы екенін Ресей мойындағысы келмеді.

Ресей украиндерді "орыстар" деп санай отырып, олардың Еуропаға ұмтылысын өзіне қауіп көрді.

Алайда, 30 жыл бұрын ядролық қарудан саналы бас тартқан Украинаның ядролық қаруы бар Ресейге шабуыл жасау ойында да болмағаны анық еді...

Оларға тек бейбітшілік керек еді. Алайда, Ресей Украинаның Донбас пен Луганск облыстарын Украинаға қарсы қойды. Ақыры осыны сылтаулатып Украинаны атқылай бастады...

Ресей халқы өздері бастаған соғыстың зардабын әлі сезіне қоймағандықтан, әлі де ресейліктер "арнайы операциясын" қолдау үстінде.

Бірақ, әлем халықтары бұл шабуылдың мақсатсыз соғыс, тек этноцид екенін анық білгендіктен, тұтасымен Ресейге қарсы шықты...

Жаппай санкцияға қол қойды. Бәрі жабылып Украинаға көмектесіп жатыр... Өйткені, ООН дерегі бойынша Украина астығынсыз әлемде 1 млрд 800 млн халық ашаршылыққа ұшырай бастауы мүмкін екен.

Бұл өте зор қасірет!

Ресей не ұтты?

Ештеңе!

Ресей әлемдегі ең табиғи бай ел. Тамаша табиғаты бар. Алып территориясының көп жерінде халық жоқ, қаңырап бос жатыр... Соларды игерсе, бүкіл әлем туристер боп Ресейге ағылар еді. Ресейдің соған сай мәдениеті де бар еді... Әттең, олар осының бәрінің күл талқанын шығарды!!!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417