Ақсақалдар баланың, не болмаса шаланың сөзiн емес, ақсақалдың сөзiн айтуы керек
Соңғы күндерi "Жаңаөзен қаласының атын Бекет Ата деп өзгерту керек" деген пiкiр бой көтердi. Бұл бастаманы Жаңаөзеннiң ақсақалдары көтерiптi. Ендi осы ақсақалдарды, "Жас Алаштан" оқыдым, "Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты қолдап шығыпты.
Ақсақалдың сөзi дәрi болса, мен де - ақсақалмын. Жақында ғана жетпiс жылдық мерейтойымды тойладым. Құдайға шүкiр, көргенiмiз де, тергенiмiз де аз емес. Ендi осы ретте мен де өз пiкiрiмдi бiлдiрсем деймiн.
Жаңаөзеннiң атын өзгертудiң ешқандай себебiн көрiп тұрған жоқпын. Жаңаөзеннiң атын өзгертуге ешбiр мұқтаждық та, қажеттiлiк те жоқ. Ендеше, ақсақалдарымыздың бұл "айғайы" қай айғай? "Павлодар мен Петропавлдың атын өзгерту керек" деген тұста бұл ақсақалдар қайда қалған? Айғайласақ, сол кезде айғайлауымыз керек едi ғой...
Жарайды, Жаңаөзеннiң атын "Бекет Ата" деп қойдық делiк. Сонан кейiн газеттерiмiз "Бекет Атаның жеңiлтек қыздары...", "Бекет Атаның жезөкше қыздары ұсталды..." деп жазып жатса, кiмге абырой?! Бекет Ата - әулие адам. Қазақтар әулие адамның атын кез келген жерге тықпалай бермеген. Олар әулиенiң саясаттан да, мемлекеттiк құрылымдардан да биiк тұратынын жақсы бiлген. Түркiстанның атын Қожахмет Ясауи деп өзгертпегенi де содан. Отырарды, не болмаса Шәуiлдiрдi Арыстанбаптың атымен атамағаны да содан. Баба түктi шашты Әзiздiң аты-жөнiн де орнымен, ретiмен қолданған.

Арабтар Меккенi, не Мәдиненi "Мұхаммед пайғамбар деп өзгертейiк!" дедi ме? Деген емес және демейдi де!
Иусус Христостың 12 апостолы (әулие-әнбиелер) бар. Осы 12 апостолдың бiрде-бiреуiнiң аты қалаға берiлген емес. Рас, олардың аттары шiркеуге, iрi рухани орталықтарға берiледi. Бiрақ қалаға берiлген емес.
Жаңаөзеннiң атын "Бекет Ата" деп өзгертсек, өзiмiз үлкен ұятқа қаламыз. Ең әуелi осыны ойлайық.
Дулат Исабеков,
жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты.
«Жас Алаш» газеті