Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3533 2 пікір 24 Мамыр, 2022 сағат 13:04

Қазақстан рубль құшағынан босай бастады

Экономикалық тәуелсіздігіміз биыл барынша нығаятын болды. Қазақстан рубль құшағынан босай бастады.

Енді осы трендті сақтап қалу керек. Наурыз бойынша көптен күткен сыртқы сауда статистикасы шықты және онда бізді куантып отырған бір мәселе бар. Ресейден бізге келетін импорт айтарлықтай төмендеген. Наурызда ол 1,28 млрд доллар болды. Ол ақпан айынан әлдеқайда аз (1,35 млрд $). Ал Ресейге экспорт ақпан айындағы деңгейде қалған. Егер сәуір-мамыр бойынша Ресей импорты 1,25 млрд $ деңгейіне түссе, онда біз жыл аяғына дейін тәуелділіктен құтыламыз.

Ресей импорты бізге рубль бағамы мен инфляцияны да қатар әкеліп жүргенін ескеру керек. Сондықтан, импорттың қысқаруы біздің рубль курсына байланысымызды әлсіретеді. Ресейдің экономикалық ықпалынан кету отанымыз үшін аса маңызды: Ресейдегі дефолт салдары (контрагенттер банкроттығы) бізге ауыр соққы болып тиюі мүмкін.

Әзірге рубльмен байланысымыз анық байқалып отыр. Мосбиржада рубльдің 57,8 деңгейіне дейін күшеюіне теңге де бірден үн қатты. Нәтижесінде KASE сауда сессиясының соңында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы 420 теңгеге дейін күшейді.

Бірақ рубльдің артынан салпаңдай беру теңгені бір күні жарға жығары анық. Сол үшін тез арада Ресейдің экономикалық ықпалынан босап шығудың амалдары қажет. Импортты әртараптандыру, Қытай, Түркия, Үндістан, Иран, Өзбекстансыз мүмкін емес. Сондықтан, жалғыз Ресейге қарай бермей, басқа көршілеріміздің де бар екенін ұмытпайық.

Айбар Олжаев

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413