Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3282 0 пікір 24 Шілде, 2009 сағат 05:19

Қаза болған шахтерлер отбасының жеке өтініштерін қарастыратын арнайы комиссия құрылды– «АрселорМиттал Теміртау»

Қарағанды. 23 шілде. ҚазТАГ -  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ (АМТ) әкімшілігінің шешімі бойынша, көміршілердің «Қорғау» кәсіподағы және «Шахтерская семья» («Шахтерлер отбасы») қоғамдық бірлестігімен шахтерлер отбасының әлеуметтік мәселелерін қарастыратын арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы агенттікке АМТ-ның  персонал бойынша директоры Дмитрий Павлов хабарлады.

«Біз «Шахтерлер отбасы» қоғамдық бірлестігіне, кейде әкімшіліктің назарынан тыс қалып жататын көптеген әлеуметтік мәселелерді шешудегі белсенділігі үшін алғысымызды білдіреміз. Дәл сол, бір де бір мәселе қараусыз қалмауы үшін тұрақты түрде арнайы комиссия құрылды», - дейді Д. Павлов.

Дүйсенбіден бастап Шахтинскіде қоғамдық қабылдау ашылады да, онда күн сайын тұрақты түрде «АрселорМиттал Теміртау» өкілі қабылдау өткізеді. «Қазір біз ол бөлменің мекен жайын анықтап жатырмыз. Бәлкім, егер біз Шахтинск әкімдігімен келісе алсақ, бұл қабылдау бөлмесі әкімшілік ғимаратында болатын шығар». Д. Павловтың айтуынша, компания өз өкілін таңдауға жауапкершілікпен келіп отыр. «Ол адам жауапкершілікті, немқұрайсыз, жағдаятты жақсы білетін адам болуы тиіс»

Сондай-ақ, Д. Павлов, бүгінге «Шахтерлер отбасы» бірлестігінің өкілдері әкімшілік алдына қойған бірқатар мәселелер шешілгенін жеткізді.

Мысалы, қаза болған шахтерлердің отбасының облыстан тыс жерде оқитын балаларына қаржылық көмек көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды сұраған болатын. Ұжымдық келісімге сәйкес, компания балалар таңдаған оқуларының ақшасын төлейді. «Қазір студенттердің пәтерді жалдау ақылары мен тамағы және жылына екі рет жол ақыларын 15-тен 45 АЕК мөлшерінде төлеу мәселесі шешілді».

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның әлеуметтік мәселелер бойынша директоры Арман Қамзабаев, ұжымдық келісімнің әлеуметтік көмек туралы барлық тармақтары мүлтіксіз орындалып отырғанын атап өтті. «Бірақ, әрбір жеке жағдайда аталған комиссия қарастыратын өзіндік мәселелер болады және біз оларды шешуге тырысамыз. Мысалы, қаза болған шахтерлердің отбасының студенттеріне жалға алған пәтерлердің, жол жүру, тамақ ақысының мәселесінің шешілгені жақсы ынталандыру шарасы болып табылады. Бүгінге бізде бір ғана қыз бала алыс шет елде оқиды. Енді мен, шет елде оқу мүмкіндігі көбінде болатын шығар деп ойлаймын»

Жаңа әлеуметтік бағдарламаны қаржыландыруда АМТ қатып қалған сомамен шектеліп отырған жоқ. «Барлығы жеке жағдай бойынша шешіледі», - деді А. Камзабаев. Әкімшіліктің пікірінше, жұмыстың жаңа формасы, кейде ұжымдағы әлеуметтік шиеленіске апаратын жинақталып қалған әлеуметтік проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік бермек. 

Директорлардың айтуынша, қазіргі уақытта шахталардағы ахуал тұрақты. «Тентекская» шахтасындағы наразылық акциясынан кейін құрылған ымырашылдық комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. «Мәселелер шешілуде. Атап айтқанда, шахтаға жер асты мамандарынан тағы да 59 адам штат алу туралы шешім қабылданды. «Тентекская» шахтасына 8 адам алынады. Барлық шахта директорлары қазір үміткерлермен жұмысты бастады, - дейді Д. Павлов.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның сегіз шахтасы бойынша мамырдағы орташа жалақы 98,8 мың теңге, маусымда – 100,5 мың теңге болды. Жер асты жұмысшыларының орташа жалақысы бүгіндері 146 058 теңге.

0 пікір