Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2356 0 пікір 12 Қараша, 2012 сағат 06:32

Ұландықтар ұйымшылдық танытты

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Сағыр ауылының сегіз бірдей отбасының осыдан біраз күн бұрын қысқа дайындаған шөбі түгелдей өртеніп кеткен еді. Қаһарлы қысқа дайын отырған ауыл тұрғындары төтеден келген бұл қиындыққа істер лаждары қалмаған соң, Ұлан ауданының әкімі Серік Төленбергеновтен көмек сұраған.

Бұл жайтқа бей-жай қарамаған аудан әкімі аяқ астынан зардапқа тап болған адамдарға бүкіл аудан халқын жұмылдырған. Ала жаздай малына қысқы азығын дайындаумен айналысып, ал бүгін жиған-тергенінен айырылып отырған сағырлықтардың жай-күйін түсінген жерлестері аудан әкімінің ұсынысын бірден құп алған.

Осының нәтижесінде, ауылдың соғыс және еңбек ардагерлері мен әйелдер кеңесінің ұйытқы болуымен ауылдық округ тұрғындарынан 50 мың теңге, аудан орталығындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен 120 мың теңге қаражат жиналды.

Сағыр ауылына барып тұрғындармен кездескен С.Төленбергенов өрттен зардап шеккен тұрғындарға шаруа қожалықтарынан жиналған 7,5 тонна жемді таратып және алдағы уақытта тағы 30 тонна жем-шөп жеткізілетініне уәде берді. Ал, қақаған қыстың алдында елдің шөбін өртеумен айналысып жүрген қылмыскерді құрықтаумен құқыққорғау органдарының қызметкерлері айналысатынын айтты.

Ұлан ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522