Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2078 0 пікір 12 Қараша, 2012 сағат 08:25

Мәжілістің ең танымал депутаты вице-министр болды

Abai.kz ақпараттық порталының досы, авторы, сарапшысы, танымал Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Білім және ғылым министрінің орынбасары болып тағайындалды.  Мұрат Әбдуламитұлы аталған министрлікте орта және кәсіби-техникалық білім беру мен мектепке дейінгі тәрбие беру салаларына, жастар саясаты, оқу үдерісіне ақпараттық және инновациялық технологияларды ендіру мәселелері бойынша жетекшілік етпек.

Әбенов мырза Мәжілісте баспасөз өкілдерінің қызметіне құрметпен қарайтын, қандай жайттың болсын анық-қанығын айтып, ойын ортаға ірікпей салатын мемлекетшіл депутат бола білді. Білімі мен білігін аяған жоқ. Біз ол кісіні сөз басында «Abai.kz ақпараттық порталының досы, авторы, сарапшысы» дедік. Қате айтпағанымызды, артық сөйлемегенімізді бізден бұрын оқырман қауымның өзі жақсы біледі. Өйткені Мүкең «Абай» мінберінен талай сөз алды, мақалалар жазды, пікір білдірді. Бүгінгі замануи интернет-журналистика былай тұрыпты, тарихы бар кәнігі кәсіби журналистикадан іргесін аулақ ұстап, баспасөз адамын, яғни тілші көрсе, тілін тістеп қашатын шенеуніктер мен депутаттардың арасында жүріп ол қазақ интернетін дамыту туралы «басқалардың басына кірмеген» тақырыпты қаузады. Ұлтшыл, дәстүршіл азамат екендігін де ешкімнен жасырған жоқ. Мұрат Әбдумаитұлы елге ерекше танымал еткен өзінің осы болмысын өзгерте қоймас деген сенімдеміз.

Жаңа қызметте жұлдызыңыз жанып, еліңізге пайдаңыз тие берсін, Мүке.

Құрметпен, Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511