Жексенбі, 11 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2037 0 пікір 12 Қараша, 2012 сағат 08:44

Бүгін ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұл Серік Ахметовтің Үкімет басшысы ретіндегі Ресейге бірінші сапары.

Бағдарламада Премьер-Министрдің Ресей Федерациясының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық саладағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ индустриалық-инновациялық сектордағы қазақстан-ресей өзара ықпалдастығын кеңейту мәселелері талқыланады.

Премьер-Министр «Сколково» ғылыми қалашығында болып, инновациялық жобалармен танысып, жаңа технологияларды коммерцияландыру мен әзірлеу орталығы даму қорының басшыларымен кездесетін болады.

Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында «Навигациялық-ақпараттық жүйелер» АҚ-ға болып, «ЭРА-ГЛОНАСС» апат кезінде шұғыл әрекет ету жүйесінің таныстырылымына қатысады.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2082
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3428