Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2610 0 пікір 12 Қараша, 2012 сағат 08:46

Лицензиясы жоқ діни оқу орындары жойылады

Лицензия алмаған, оқу бағдарламасын жүргізбеген діни білім беруші оқу орындар жойылады. Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасындағы діни оқу орындары жұмысының мәселелері мен келешегі» тақырыбында өткен семинарда ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Әзілханов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстанда діни салада, оның ішінде ислам саласын алсақ, Нұр-Мүбәрак университеті және тоғыз медресе қызмет атқарады. Сонымен қатар православ және католик шіркеулерінің семинариялары бар. Сондай-ақ, осыған дейін бірнеше діни оқу орындары лицензия алмай, бірақ өздерін қағаз жүзінде тіркеген болатын. Қазір біз оларды жаңа заң аясында тексеріп жатырмыз және жоғарыда аталғандар оқу орындарынан өзгесі жалпылай қызмет атқармайды деп айтуға болады», - деді М.Әзілханов.

Төраға орынбасары лицензия алмағандықтан, оқу бағдарламасын жүргізбегендіктен мұндай діни оқу орындарының қызметі тоқтатылатынын айтты.

«Бұл інжіл институты және тағы бірнеше семинариялар. Олардың көбі протестанттық діни бірлестіктердің оқу орындары болып табылатын. Бірақ өздерінің оқу бағдарламаларын жүргізбегендіктен, олар жойылатын болады», -деді М.Әзілханов.

ҚР Дін істері агенттігінің өкілі шетелде білім алып жатқан студенттер жайына да тоқталып өтті.

«Шетелдегі діни оқу орындарында білім алып жатқан азаматтарымыз бар. Қазір олардың саны 400-ден астам. Сыртқы істер министрлігі, консулдық қызметтер арқылы біз олармен байланыстамыз», - деді төраға орынбасары.

bnews.kz сайтынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510