Астанада доңыз тұмауы тіркелді; азаматтарға тұмаудың алдын-алу мақсатында оксалин майын пайдалану ұсынылады
Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қазақстанда доңыз тұмауы аталып кеткен тұмаудың А/H1N1 түрімен аурудың алғашқы оқиғасы тіркелді.
Мұндай диагноз маусымның 18 мен 19-шы шілде аралығында Лондонда оқып қайтқан 12-15 жасар балалардың үшеуінде анықталды. Олар келген күннің ертесіне, 20-шы шілдеде, тұмаудың белгілерін айтып дәрігерлік мекемелерге жүгінген.
«Бүгін түнде республикалық санэпидқадағалау орталық мамандары Астана қаласы бойынша мүмкін боларлық алты оқиғаның үшеуінде А/H1N1 типіндегі тұмау барлығын растады», - деп мәлімдеді бейсенбі күні Астанадағы мемсанэпидқадағалау басқарма бастығы Жандарбек Бекшин.
Тұмауға күдіктелген тағы үш баланың анализдері, оның айтуынша, Алматыдағы санэпидқадағалау зертханасында өңделіп жатыр және ол жұма күні дайын болады.
Ол екі баланың жағдайы орташа халде болғандықтан ауруханаларға жатқызылғанын атап өтті. «Олардың жағдайы қаланың инфекциялық стационарына жатқызылғалы және тиісті ем қабылдағалы тәуір болып қалды», - дейді Ж. Бекшин.
Қалған төрт бала, науқастың жеңіл өтіп жатуына байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) нұсқамасына сай, дәрігерлер бақылауымен амбулаторлық емделуде жүр.
Басқарма бастығының айтуынша, барлық науқастар мен олармен қатынаста болғандар «Тамифлю» дәрісімен ем қабылдап жатыр.

Оның мәліметі бойынша барлық 6 бала, 3 мұғалім және 48 оқушыдан тұратын топпен Астанадағы үзіліссіз білім беру колледжінен Лондонға тіл білімі курсына барған. Оқушылар арасында тек қана Астана тұрғындары емес, Қостанай облысының да (4 адам), Атыраудан да (2) адамдар болған.
«Біздер тиісті ақпаратты санэпидқадағалаудың территориялық басқармаларына жібердік. Қазіргі уақытта тиісті шаралар қабылданып жатыр», - дейді Ж. Бекшин.
Ол, А/H1N1 түріндегі тұмауды емдеу үшін Астанада қажетті мөлшерде «Темифлю» дәрісі барлығын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігімен 3,9 млн теңге осы тұмаудың вирусын анықтау үшін бөлінді, қосымша қаражат Астана бюджетінен қарастырылады.
Астана дәрігерлері алдын-ала қолданылатын шаралар арқылы осы тұмаудың Қазақстанда таралып кетуіне тосқауыл қоймақшы.
Мысалы, шет елден келген барлық оқушылар есепке қойылады.
«Оқу мекемелерінің жетекшілері мен туристік фирмалар және құзыретті органдарға қазір шет елдерге шыққан адамдар мен оқуда жүрген балар және студенттердің тізімін анықтау туралы тапсырмалар берілді. Бұлардың барлығы есепке алынып, келген соң профилактикалық шаралар жүргізіледі», - дейді мемсанэпидқадағалау басқармасының бастығы.
Оның айтуынша, қазір бірқатар сондай топ жетекшілерімен байланыс орнатылып, олар өздері жүрген елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдан хабардар болып, сондай-ақ А/H1N1 тұмауының белгілері байқалған жағдайда істеуі тиіс нақты шалар туралы хабарланды.
Ж.Бекшин сонымен қатар, астана тұрғындарын вирустың алғашқы белгілері байқалысымен (жөтел, мұрын біту, тамағы ауру, ыстығы көтерілу), өз беттерінше емделмей, шұғыл түрде дәрігерлік мекемелерге қаралуға шақырды. Ол, сондай-ақ, аурудың бірінші белгісі анықталысымен, басқаларға жұқтырмас үшін, ешкімнен ұялмай маска киюлерін сұрады.
«Бүгінге суық тигеннің белгісі байқалысымен маска кию тәртіпке айналуы тиіс. Біздің мінезіміз сондай – неге екені белгісіз – ұяламыз», - дейді қалалық басқарма бастығы.
Ол азаматтарға тұмаудың алдын алу шарасы ретінде мұрынның шырышты қабаттарына қазір қала дәріханаларында жеткілікті мөлшерде бар оксалин майын жағып тұруларын сұрады.
ДДҰ мәліметтері бойынша 2009 жылдың 6-шы шілдесіне әлемде шошқа тұмауын жұқтырудың 94 512 расталған оқиғасы тіркелген. ДДҰ мәліметтерінше қаза болғандар саны 429 адам.