Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5874 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 19:19

Қазақстан қалай дамып жатыр?

Еліміз жаһандық өркендеу рейтингінде 4 сатыға көтеріліп, 46-шы орынға тұрақтады.

Британдық Legatum тәуелсіз зерттеу институтының 2011 жылдың қорытындылары бойынша құрастырған өркендеу - 2012 жаһандық рейтингінде Қазақстан ТМД елдері ішінде үздік позицияға ие болды - 144 ел арасында 46-шы орын. Бұл мәліметтер институттың ресми сайтында жарияланған.

Осыған дейінгі рейтингте Қазақстан әлемнің 110 елі арасында 50-ші орын алған болатын.

Институт мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан өркендеу рейтингінде ТМД-ның барлық елдерінен озды: Ресей 66-шы орында тұр (7 позицияға төмендеу), Украина - 71, Беларусь - 54, Өзбекстан - 64, Қырғызстан - 88.

Әлем елдерінде өркендеу рейтингі әр мемлекеттің 8 категория бойынша жетістіктерін бағалайды. Осылайша, «экономиканың қуаты» категориясында Қазақстан 54-ші орын алды, «іскерлік ахуал» - 59, «басқару тиімділігі» - 95, «білім беру жүйесі» - 43, «денсаулық сақтау деңгейі» - 60, «қауіпсіздік және заңның үстемдігі» - 53, «адамның жеке бас бостандығы» - 43, «әлеуметтік капитал» - 37.

Рейтингте алғашқы үш орынды Норвегия (1), Дания (2) және Швеция (3) иеленді. Үздік бестікке, сондай-ақ Австралия мен Жаңа Зеландия енді. Одан әрі Канада (6-шы орын), Финляндия, Нидерланды, Швейцария және Ирландия тұр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377