Сенбі, 23 Қараша 2024
3465 0 пікір 2 Маусым, 2022 сағат 17:22

Азаттықтың жобасы: Қаңтар құрбандарының тізімі

1 маусымда Азаттық Қаңтар құрбандарына арналған арнайы жобаны таныстырды. Қанды оқиғадан бері бес ай өтсе де, билік қаза болғандардың тізімін жарияламады. Азаттық 5-8 қаңтар күндері Қазақстан қалаларында оққа ұшқан немесе сол кезде алған жарақаттан қайтыс болғандар жайлы ақпараттарды топтастырды.

"Қанды қаңтар құрбандары" деп аталатын арнайы жобада қазір 188 адамның аты-жөні бар. Ондағы арнайы категориялар арқылы құрбандардың жасы, оқиға орны, өлімінің себептері және өзге ақпаратты іріктеп оқуға да болады. Жоба қаза болғандардың туыстары мен куәлардың баяндаулары арқылы қайғылы оқиғаның ауқымын ұғынуға мүмкіндік береді.

1 маусымда Алматының Абай және Достық көшелері қиылысындағы Novotel қонақүйінде өткен жоба таныстырылымына ондаған адам жиналды. Олардың арасында қаза болғандардың туыстары, азаптауға ұшырағандар, сонымен бірге құқық қорғаушылар, журналистер мен белсенділер бар.

– Жаңа Қазақстан тарихында Қаңтар қасіреті сияқты мұндай деңгейдегі ауыр қылмыс, ауыр оқиға, үлкен сынақ қазақ халқының басында болған емес. Азаттықтың сіздерді осы шараға шақыруының басты себебі – оқиғадан қаза болған 238 адамның тізімін жасауға талпындық. Билік мұны жариялаған жоқ. Бес ай бойы біз Қазақстандағы тәуелсіз, азат медианың өкілі ретінде осы азаматтарды іздедік, қаза болғандардың аты-жөнін түгендедік, көпшілігімен сөйлестік. Көпшілігінің үйіне бардық, артындағы жесірін, жылап қалған жетімімен тікелей тілдестік. Бұл әрекетке журналистік парызымызбен, өзіміңздің міндетімізбен бардық. Бұл жұмыс енді ғана басталды деуге болады, - деді Азаттықтың Алматы бюросы жетекшісінің міндетін орындаушы Қасым Аманжол.

Шараға Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай, Орталық Азия аймағы бойынша директор Хамид Исмаилов, Азаттықтың Қазақ қызметінің директоры Торокул Дооров қатысты.

  • Қаңтардың басында елде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты митинг өтіп, наразылықтың соңы қантөгіске ұласқан. Билік шетелде дайындықтан өткен "террористер шабуылы" туралы айтты, бірақ оған дәлел-айғақ келтірген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымға ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Ол сонымен бірге елде билікті күшпен басып алу талпынысы болғанын айтып, алайда оны кім ұйымдастырғанын нақтыламады.
  • Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасында 230 адам қаза болды. Бұған қоса, оқиға кезінде ұсталған тағы сегіз адамның тергеу изоляторында көз жұмғаны белгілі болды. Билік қоғам талабына қарамастан опат болғандардың есімін және олардың қандай жағдайда қаза болғаны жайлы ақпаратты жарияламады.
  • Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған азамат ұсталып, жүздеген адамға "терроризм", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру", "заңсыз қару-жарақ сақтау" секілді айыптар тағылды. Қамауда болғандардың арасында азапталғанын айтып шағымданғандар көп, бірақ оларды азаптау фактісі бойынша ұсталғандар некен-саяқ.
  • Қаңтар оқиғасынан кейін қамауда болған жүздеген адам өздерінің азапталғаны жайлы айтып, 234 іс қозғалған. Алайда, әзірге күштік құрылымның тек 11 өкілі күдікті деп танылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340