Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 4636 9 пікір 3 Маусым, 2022 сағат 12:53

Украинадан не хабар?

Украина соғысы біз күтпеген мүлде басқа сипатқа ауысып барады. Батыс Украинаға алыс қашықтықтағы нысандарды жоюға арналған зымыран кешендерін бере бастады.

HIMARS кешені 300 шақырымдағы нысанды жоюға қабілетті, алайда АҚШ Украинадан Ресей аумағын атқыламау туралы кепілдік алған. Бұл соғысты ушықтырмау мақсатында жасалып отыр. Енді бұл кешендерді үйренуге 3-5 апта кетеді. Кешендер Еуропада тұр, яғни алдын ала әкелген және нақты шешім шығарылатын сәтті күткен. Бірнеше апта үйренеді. Бұл кнопкалы телефон ұстаған адамға бірден соңғы үлгідегі смартфонды бере салғанмен бірдей ғой. Сондықтан оны барынша меңгеру керек. Уақыт керек.

Өзге де зымыран кешендерін Ұлыбритания, Швеция, Польша, Нидерланды, Франция беретін болды. Ауыр артиллерия да жеткізілуде. Артиллерия бойынша мәселе шешілген сияқты. Екі ай бұрын Украинада артиллерия тапшы еді, қазір зеңбіректер мен гаубицалардың түр-түрі келуде.

Фронтта ресейліктер де, украиндықтар да қандай да бір жетістікке жетуде. Ресей Шығыс бағытта шабуылды күшейтті. Қазір Северодонецк қаласы үшін жан алысып, жан беріскен шайқас болуда. Қаланы тараптар екіге бөліп алды. Қала көшелері ұрыс алаңына айналды. Ресей бұл қаланы алуға барын салуда.

Ресейдің бұл қалаға ерекше назар аударуы оның Херсон облысындағы қорғанысын әлсіретті. Сәйкесінше Украина әскері қазір Херсон облысын шабуылдап, басқыншылардан азат етуді біртіндеп бастады. Артиллерия жау шебін соққылап, артынша дрондар жұмыс жасап, кейін жаяу әскер іске кірісуде. Украина әскері Херсон қаласына 70 шақырымдай жерде тұр. Бір апта бұрын жүз шақырымнан алыс жерде еді. Украина әскері Харьков облысы бойынша да бірнеше бағытта Ресей шекарасына шықты.

Ресей алыс қашықтыққа жететін зымыран кешендері Украинаға әкелінбестен бұрын шабуылды күшейтіп, позициясын нақтылап алуға тырысатыны анық. Яғни бір ай шабуыл үдейді. Украина әскері қазіргі кей жетістігіне қарамастан кей қала мен аймақта кәсіби әскері қоршауда қалып, үлкен шығын шекпес үшін тактикалық шегіністер де жасайтын болар.

Мәскеу Украина порттарын блоктап, әлемдегі азық-түлік тапшылығына салмақ салуда. Астықты шығармай, өзі басып алған аймақтағы астықты Ресейге тасуда. Осылайша олар Батысты бопсалауға көшті. «Порттағы астықты алғың келсе, санкцияларды алып таста» деген сигнал жіберуде. Бұл аз астық емес. Бірнеше елді асырауға жететін астық. Ресей порттарды ашпаса, онда әлемдегі астық тапшылығы артып, арты босқындар легіне ұласары анық. Ресейдің порттарды ашпайтынына, дәліз жасамайтынына көзі жеткен болса керек, Еуропаның кей елдері Украинаға портты азат етуге және Қара теңіздегі Ресей кемелерін батыруға қабілетті кемеге қарсы зымырандарды беретін болды.

Соғыс қыза түсті...

Асхат Қасенғали

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295