Ресей Қазақстаннан бензин сұрады ма?
Ресей Қазақстанның Энергетика министрлігіне жанармай сатып алу туралы ресми өтініш жолдаған жоқ. Бұл туралы үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Энергетика министрлігіне Ресей тарапынан мұндай сұраныстар түспеген.
«Ресей Федерациясынан Энергетика министрлігінің атына ресми өтініштер түскен жоқ. Министрлікке өтініш түскен жағдайда, біз оны ұлттық мүдделерді ескере отырып және өзара тиімді шарттарда қарастыратын боламыз», — деді Тұтқышбаев.
Вице-министр мұндай сұраныстардың басқа арналар арқылы түскен-түспегенін нақтыламады, тек ҚР Энергетика министрлігіне әзірге ресми сұраныстың жоқ екенін ғана айтты. Жақында Ресей тарапынан ресми сұраныс түссе, Қазақстан РФ-ға жанар-жағармай материалдарын жеткізу мәселесін қарастыруға дайын екені болжанған болатын.
Abai.kz