Сенбі, 23 Қараша 2024
2402 3 пікір 5 Маусым, 2022 сағат 12:23

Мемлекет басшысы: Алда атқарар үлкен жұмыстар күтіп тұр

«Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне барып, республикалық референдумда дауыс берді»,-деп хабарлайды Ақорда.

Жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшелігі. Бұған дейін Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шешімді Парламент қабылдайтын.

Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды өтіп жатқан референдуммен құттықтады.

«Бүгін еліміз үшін, шын мәнінде, тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Ешқандай мәжбүрлік жоқ. Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған», – деді Қазақстан Президенті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өтіп жатқан референдум елде қаңтар айында болған тәртіпсіздіктердің қайталанбауының кепілі болатынын мәлімдеді.

"Біз Қайғылы қаңтардың қайталанбайтынына сенімдіміз. Айтпақшы, бүгінгі референдум-осының кепілі. Біз одан тиісті сабақ алдық", - деді Тоқаев журналистерге берген жауабында.

Оның айтуынша, қаңтарда болған тәртіпсіздіктерді тергеу үшін халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеті жоқ.

"Тергеуді уәкілетті органдар өте мұқият, егжей-тегжейлі жүргізетін болады. Қол жетімді барлық материалдарды Бас прокуратура жариялайтын болады, қоғамнан ештеңе жасырылып қалмайды. Біз бәрін ашық әрі  жоғары кәсіби деңгейде жүргіземіз, сондықтан халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - деп атап өтті президент.

Ол, сондай-ақ, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша алда атқарар маңызды шаруалардың күтіп тұрғанын айтты.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3232
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341