Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3121 0 пікір 5 Маусым, 2022 сағат 20:17

Желіде дауыс беруге қатысты жалған бейнероликтер тарай бастады

Бүгінгі референдумға байланысты телеграм арналарда жалған бейнероликтер тарай бастаған. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.

«Telegram-арналарда бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады. Ол бүгін, 5 маусымда Республикалық референдум барысында түсірілген деп хабарланды. Бұл өтірік.

Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны Желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, бұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде орын алған.

Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға оның ешқандай қатысы жоқ»,-деп жазды stopfake.kz сайты.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723