Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2169 0 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 12:58

Ресей Украинадағы астықты экспорттаса да, АҚШ санкциясын алмайды

Мәскеу Қара теңіздегі украин порттарын блокададан босатып, Украинадан астық экспорттауға мүмкіндік берсе де, АҚШ Ресейге қарсы енгізген санкцияларынан бас тартпайды. Бұл туралы Politico америкалық бір шенеунікке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым дереккөзі Мәскеудің бұл мәлімдемесін "бопсалау дипломатиясы" деп атаған.

АҚШ президенті әкімшілігінің қызметкерлері мен америкалық заң шығарушылар Ресейдің азық-түлік дағдарысын еңсеруге көмектесеміз деген мәлімдемесіне сене бермейді. Мәселен, Айдахо штаты атынан сайланған сенатор Джеймс Риш Мәскеудің астық экспорты үшін санкцияларды алу жөніндегі ұсынысын "шантаж" деп атады, деп жазды Politico.

Вашингтон Қара теңіз арқылы астық экспортын қалпына келтіру жөніндегі келіссөздерді мұқият бақылап отыр. Келіссөздерді Ресей, БҰҰ және Түркия жүргізіп жатыр. Басылым дереккөзінің айтуынша, Құрама Штттар Кремльге қарсы қандай да бір экономикалық қысымның әлсіреуіне келіспейді.

БҰҰ астықты әлем нарығына шығаруға Ресей күштерінің украин порттарын блокадада ұстауы кедергі келтіретінін мәлімдеген. Ресей мұны жоққа шығарып отыр.

Бұның алдында Ресей президенті Владимир Путин Италия премьер-министрі Марио Драгиге Батыс санкциясын алса, Мәскеу азық-түлік дағдарысын еңсеруге көмектеседі деп мәлімдеген.

Ресей мен Украин әлем нарығына астық шығаратын ең ірі бестікке кіреді. Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері азық-түлік қатты қымбаттап кетті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354