Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
3436 1 пікір 7 Маусым, 2022 сағат 13:36

"ҚазМұнайГаз" басшылары қанша теңге сыйақы алады?

2021 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазМұнайГаз" Басқарма мүшелеріне берілген сыйақы мөлшері 228 млн теңге, ал, Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақысы - 181 млн теңгені құрады.

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК " АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев мәлімдеді. Ол әр адамның қанша алатыны туралы ақпарат жеке дерек болып саналғандықтан, оны жариялай алмайтынын айтқан.

ҚМГ Басқарма құрамына бес адам кіреді: Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев, төрағаның стратегия, инвестициялар және бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Дастан Абдулғафаров, төрағаның барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев және төрағаның ірі мұнай-газ жобалары жөніндегі орынбасары Мұрат Мұнбаев.

Ұлттық компанияның директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Уолтон Кристофер Джон, "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерінің өкілі Ұзақбай Қарабалин, қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, тәуелсіз директор Миллер Тимоти Глен және басқа мүшелері Мағзұм Мырзағалиев, Ернар Жанәділ, Филип Холланд.

Бұған дейін "ҚазМұнайГаз" 1 трлн таза кірісті өз қалауы бойынша жұмсайтынын айтқан еді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1057
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2607
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 701