Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2613 0 пікір 10 Қараша, 2012 сағат 17:42

Тәуелсіздіктің «алтын бесігінде» бой көтерген «Алатау»

Елдің есінде, жұрттың жадында жүрер мәңгі ұмытылмас бір нәрсе, ұлтымыздың рухани аста­насы Алматының қазақ халқының басын бірік­тіріп, тәуелсіздікке қол жеткізуге бірден-бір дә­не­кер болғандығы. Өзін де, өзгені де әп-сәтте әлемге танытқан құдіретті қаланың қазақ үшін қаншалықты қадірлі, қасиетті екендігін өткен жылдарға көз жіберген сайын жан дүниеңізде жылылық ұялайды. Иә, тарихи шешімдер де, бола­шақтың бағдарламалары да осында қабыл­данып, осында жаңа астанаға жол салынды.

Елдің есінде, жұрттың жадында жүрер мәңгі ұмытылмас бір нәрсе, ұлтымыздың рухани аста­насы Алматының қазақ халқының басын бірік­тіріп, тәуелсіздікке қол жеткізуге бірден-бір дә­не­кер болғандығы. Өзін де, өзгені де әп-сәтте әлемге танытқан құдіретті қаланың қазақ үшін қаншалықты қадірлі, қасиетті екендігін өткен жылдарға көз жіберген сайын жан дүниеңізде жылылық ұялайды. Иә, тарихи шешімдер де, бола­шақтың бағдарламалары да осында қабыл­данып, осында жаңа астанаға жол салынды.

«Қы­дыр қонып, бақ дарыған киелі қоныс, мүбарак мекен - Алматы. Биікке самғап, қиырды шарлау, заманнан қалмай зымырай заулау - мына біздер­ге өзің берген тәрбие, өзің көрсеткен өнеге, өзің тапсырған тарихи аманат», - деген Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың аталы да баталы сөзі қазақ­тың қанына да сіңіп кетті. Алаң көңілді аманат жеңді, жұрт сүйсінер тірлік жа­салды.
Елбасының: «...Мен Алматы үшін алаңдамай­мын. Өйткені Алматының өз дербестігін көрсе­туге әлеуеті жететініне және тіршілігі қайнаған қала екендігіне кәміл сенемін. Мен мұндай қала үшін астана мәртебесінің мәні соншалықты ма­ңызды еместігіне де сенімдімін, Алматы одан әлсіремейді де, құлдырамайды да. Керек десеңіз, қала бірте-бірте қарыштай дамуын үдетіп, осы заманғы алпауыт мегаполиске айналып барады» деген Президентіміздің парыз іспеттес ескертуі­не енді бүгінгі күннің көзімен қарар болсақ, аялы қамқорлықты да, байыпты басшылықты да айқын сезінеміз. Ұлы Абай атамыздың «Сүйер ұлың болса, сен - сүй, сүйінерге жарар ол» деген өнегелі сөзі осындайда ойға оралады,
Тәуелсіздіктің тамаша тарихын қалыптас­ты­рып жатқан Ұлт Көшбасшысының көрегендігі туралы көп нәрсе айтуға болады. Жаңа әлем­-
дегі жаңа Астана туралы толғанысты былай қой­ғанда, тарихымыздың тамырына қан жүгірткен Алма­тының бүгінгі болмысын да түбегейлі өз­гертуге батасын беріп, қомақты қаражат құйғыз­ды. Нұр­сұлтан Әбішұлы «...Алматы әрдайым Қазақ­стан­ның, Орталық Азияның күллі эконо­микалық және қоғамдық-саяси өміріне ықпалын тигізетін ең ірі іскерлік, қаржылық, ғылыми жә­не мәдени орталығы болып қала бермек» деген уәдесіне бе­ріктігін де іспен дәлелдеді.
Иә, Алатау етегіндегі әдемі қаланың келе­шегін көріктендіруді назардан тыс қалдырмаған Прези­дент Алматыға Ахметжан Есімовті басшы­лыққа әкелуімен де тегін таңдау жасамаған­ды­ғын көр­сетті. Жұртқа жақын жүруге, тұрғын­дар­дың тілегін тыңдауға әрдайым дайын тұратын әкім қордаланған мәселелердің бірі де бірегейі «Ша­ңы­рақты» ретке келтіруді өз алдына мақсат етіп қойды. Осы тұрғыда «Қонысымыз көбей­сін, өрісіміз кеңейсін!» деген аталы сөзді әр­да­йым ұмыт­пайтын Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан На­зарбаев Алматыда жетінші аудан - Алатау ауда­нын құруға Жарлық шығарып, ұзақ жыл­дар бойы шиеленіскен маңызды мәселені әп-сәтте шешті. Бір кездері оқ атылып, қан төгілген аумақ­тағы ағайын жағымды жаңалықты жылап тұрып естіді. Алғаш рет қала басшысы Ал­маты облысы «Көксу» ауданында, кейін «Ақсу» ауда­нында әкім, қалалық Мәслихат депутаты бол­ған Бағдат Мәнізоровты аудан жұртшы­лығымен таныс­тырып, «елдің үмітін ақтайтын осы азамат» деген де жылдар бойы жүйкесі жұ­қарған жұрт ертеңге күнге сенімсіздікпен қара­ғандай болған-ды. Бірақ күдікті сенім жеңді, үміт ақталды, абырой сақ­талды, бедел өсті, тіпті орта­лықтағы жұрт «Алатауға» қарай көшті. Қазір жұрттың ықыласы Алатау етегіндегі жоталарды жағалап үй салуды емес, қала сыртындағы қала - Алатау ауданынан баспана салуды әдетке айналдырды. Болашақтың бәрі осында, нағыз қазақ қауымы да осында, салт-дәстүр мен жа­ғымды үрдістер де осында...Көп жұрт аудан әкімі түгілі орын­ба­сарларының есігін қағуға зар бо­лып жататыны ащы шындық. Ал мұнда Бағдат Мәні­зоров әр сейсенбі күні сағат 10.00-де он­даған, жүздеген азаматты жеке шаруалары, өті­ніштері бойынша қабылдап, на­ғыз қазақы мі­незімен елдің ал­ғы­сына бөленіп отыр. Бүгін кө­терілген мәселені ертең шешу - дағ­дыға ай­нал­ған аумақта нағыз ұлт жанашырлары жұмыс істейді. Аудан әкімдігі аппаратының же­текшісі Баймырза Торлам­баев­тың айтуына қарағанда, төрт жылда әкімшілікте 60-тан астам қызмет­кер ауысқан. Неге?

Өйткені күндіз-түні атқарылған ау­қымды істің көптігіне шыдай алмаған. Соған қарамастан Алатаудың мемлекеттік қызметтегі өз «ардагерлері» қалыптасты, аумақтың ажарлана түсуіне нағыз үлес қос­қандар да солар. Бұған қалай мақтан­бай­сыз, қалай шаттанбайсыз?!
Алатау ауданы - тәуелсіздіктің жеңісі,
Алатау ауданы - демократияның жемісі.
Көгінде жарқырап ай-күні,
Тасысын табысы, байлығы,
Жарассын ынтымақ, бірлігі,
Шаттыққа кенелсін әр күні! - деген Қазақ­станның халық артисі, Мемлекеттік сый­лықтың иегері Сәбит Оразбай ағамыздың ақ батасы да ұлтының қамы үшін ұйқыны ұмытқан ағайынға арналса керек-ті.
Қала басшысының «Үлкен ұлы іске бел буып отырмыз. Бұл іс Елбасымыздың қол­дауымен сіздердің мүдделеріңіз үшін жа­са­лып отыр. Ойға алған мақсаттарымызды іс жүзіне асыруға барлығымыз атсалы­сайық. Ауданның іргетасын, әрбір кірпішін бірге қаласып, шаңырағының уығын бірге қа­дасайық. Жаңа ашылған аудан ең әуелі сіз­дер мен ұрпақтарыңыздың келешегінің игі­лігі үшін құрылып отыр» деген алғашқы жүз­десуде жұртқа жеткізген жылы лебізі жү­зеге асты.


Төрт жылдағы толағай шаруа
Алатау ауданы қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 3 шілдедегі ХІ сессиясының «Ал­маты қаласы аудандарының шека­ра­ларын белгілеу және Алатау ауданын құру туралы» шешіміне сәйкес, Алматы қаласы әкімшілігінің 2008 жылғы 10 шілдедегі №3/541 қаулысымен құрылды.
Мұндағы мақсат - шаһар шеңберін сол­түстік және солтүстік-батыс бағытта да­мыту, жаңадан қалаға қосылған елді ме­кендердің тұрмыс деңгейі, әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсарту еді.
Бұл орайда Елбасының батыл қадамға барғанын ел-жұрт ұмытпасы анық. Қала әкімі Ахметжан Есімов те, аудан әкімі Бағ­дат Мәнізоров та келешегі кемел шаруаны қалай жүзеге асырудың барлық амалын мықтап ойластырғаны ә дегеннен белгілі болды. Сол жылы ауданның жалпы жер кө­лемі - 7 567 гектарды құраса, бүгінгі күні ау­дан аумағы - 8 188 гектардан асты. Ал жергілікті тұрғындар саны алғашқы жыл­дары 161 790 болса, қазір бұл көрсеткіш - 170 123 адамға жетіп отыр, аудан көлемінде жалпы нақты тұратын халық саны 200 мың­нан асады. Қысқасы, төрт жылда «төңкеріс» жасалды, ұлт саны артты, демографияның дүбіріне дүбір қосылды. Сөйтіп ауданның бір жылдық мерекелік шарасына қатыс­қанда Ахметжан Есімовтің өз аузынан естіген «Заңды жерде, заңды үйде тұрасыз­дар. Бүгіннен бастап ұйқыларыңыз да ты­ныш болады» деген уәдесі орындалды.
Міне, нағыз азаматтық, жанашырлық, қалтқысыз қызмет!

Шығаратын есіңді, жер мәселесі шешілді
Ауданда шешімі кезек күттірмейтін мә­селелердің бірі - тұрғындардың өз бетімен иеленген жер телімдерін рәсімдеу және үй құ­жаттарын заңдастыру, сондай-ақ алдағы уақытта келеңсіздікті болдырмау және жат әрекеттердің алдын алу еді. Осы бағытта жергілікті тұрғындардың ойынан шығатын әрі әділдіктің ақ туы желбірер нақты жұ­мыстар жасалды. Өз бетімен иеленген жер телімдерін және үй құрылыстарын түгендеу бойынша 2008 жылдың шілде айында жұ­мыс тобы, қазан айында үкіметтік ұйым­дармен біріккен комиссия құрылды.
Аудан құрылғаннан бері қалалық жер комиссиясында 4783 құжат қаралып, тұр­ғындарға жалпы саны 4220 мемлекеттік акті берілді. Жалпы, 4220 отбасыны 6 адам­нан есептегенде 26-27 мың адам Алматы қаласы Алатау ауданының толыққанды тұрғындары болды. Бұл мәселенің шешілуі аталған тұрғындардың «Алтын алқа», «Күміс алқа», жұмыс орындарына орна­ласуына, әлеуметтік көмектер алуларына мүмкіндік берді.
Әртүрлі шектеулерде орналасқан заң­сыз жер телімдерінің мәселесі шешіліп келеді. Олар:
- Сақ қорғандарын қорғау аймағында орналасқан 78 үйдің құжаты қалалық жер комиссиясында қаралып, рәсімделіп, мем­лекеттік актілер алынуда.
- Зираттың санитарлық-қорғау ай­ма­ғында орналасқан 61 жер телімін заңдастыру жұмыстары өз шешімін тауып, тұрғындарға мемлекеттік акті берілді.
Қазіргі кезде су қорғау алабында орна­ласқан 611 жер телімінің 208 құжаты қала­лық жер комиссиясының отырысында қа­ралып, оң шешімін тапты. «Бент» АҚ көлінің және Боралдай өзенінің бойымен дренаждық арық салу жұмыстары аяқтал­ғаннан кейін, 403 тұрғынның құжаты қа­лалық жер комиссиясының отырысында қарас­ты­рылады.
Газ құбырын қорғау және жоғары кер­неулі электр желісін қорғау ай­мағында заңсыз салынған 175 жер те­лімінің тағдыры оңтайлы шешілуде. Бүгінгі күнге дейін 73 газ құбырының қорғау ай­мағында орна­ласқан тұрғындардың 16-сы «Көк­жиек» шағын ауданындағы 1 бөлмелі пә­терлерге көшірілді. Сонымен қатар қа­лалық жер комиссиясында 18 тұрғынның арызы қа­растырылып, «Қарасу» шағынауданына көшіруге шешім қабылданды.
Жоғарғы кернеулі электр желісін қорғау аймағында орналасқан 102 жер телімінің 18-і қалалық жер комиссиясында қарас­ты­­рылып, «Қарасу»шағынауданына кө­шіруге шешім қабылданды.
Келесі жылдың екінші тоқсанында 128 адамға 1 бөлмелі пәтер «Алғабас» шағын ау­данынан салынып, пайдалануға беріледі. Аталған үйлердің құрылысы «Қазтрансгаз» және «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан жүргізілуде.
«Қызыл сызық» шегінде орналасқан 273 тұрғынның мәселесі қаланың бас жос­па­рына өзгеріс енгізілгеннен кейін жер ко­­миссиясының отырысында қайта қарас­тырылады.
Әрине, жұрттың тұрмысына төңіректің та­залығымен қатар, әдемілігі де әсер ете­тіндігі даусыз. 2008 жылы көшелер, олардың ұзындығы, ені, арық жүйесі, жүргінші жол­дары және жолдардың жағдайы жөніндегі мәліметтер жинақталған болатын. Атқа­рылған жұмыстар нәтижесінде аудан бойын­­ша жалпы ұзындығы 212 570 метрді құрайтын 299 көше, оның ішінде 17 көшеде ұзындығы 23 060 метрді құрайтын арық жүйесі тазаланды.
Алатау ауданының инфрақұрылымы-ның дамуына байланысты бүгінгі күні бұл көр­сеткіш 419 шақырымды құрайтын 502 көшеге жетіп отыр. Қазір көшелерді көрік­тендіру, жол жөндеу бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүргізіліп жатыр. Қаражат та бар, қарқын да күшті. Олардың барлығы келешектегі даму жоспарымен байланыс­тырылған.
Ірі табыстың бірі Алматы қа­ласы әкі­мінің 2010 жылдың 10 маусымдағы №2/403 қаулысымен және IV cайланған Алматы қа­ласы мәслихатының 2010 жыл­дың 4 мау­сымдағы XXVIII сессиясының №327 ше­ші­­мімен Алатау ауданының 18 ықшамау­да­­нындағы атауы жоқ 178 көшеге Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қайраткер­лерінің аты берілді.
Аудан бойынша 4 жылда жалпы ұзын­дығы 46 шақырымды құрайтын 1674 жа-рық нүктесі орнатылды. Жалпы, аудан көле­мінде 213 шақырымды құрайтын 6307 жарық нүк­тесі бар.
«Алматы аулаларын көріктендіру» бағ­дарламасы бойынша ауданда 42 ауланы көріктендіру жұмысы жүргізілді. «Ақбұлақ» шағынауданында орналасқан қалалық орталық мұрағаттың ғимараты, «Алғабас» шағын ауданында қуаттылығы сағатына 150 гигакалориялық қазандық, «Ақбұлақ», «АЗТМ-Алғабас» шағынаудандарын электр қуатымен қамтамасыз ететін электр станция­сы қолданысқа берілді. «Байбесік» шағынауданында ұзындығы 355 метр жар­ды қорғау жұмыстары жүргізілді.
Зират маңында орналасқан үйлерді заңдастыру және мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқар­ма­сы­ның талаптарын орындау мақсатында - 196 млн 980 мың теңге қаржы бөлініп, «Көк­қай­нар», «Өжет», «Заря Востока», «Әйге­рім», «Ақбұлақ», «Шаңырақ», «Трудовик» шағынауданындағы 7 зиратты қоршау жұ­мыстары жүргізілді.
Аудан құрылғалы бері бүгінгі күнге дейін 37 мың шаршы метрді құрайтын
арық жүйесі жүргізілді. Жалпы, бөлінген қаражат соммасы 2 млрд 411 млн теңге. Олар «Әй­герім-1,2», «Ақбұлақ», «Ұлжан-1», «13,14 ау­мақ», «Құрылысшы», «Шаңырақ-1,2» шағынаудандарында.
Елді мекендерді су алудың алдын алу мақ­сатында «Үлкен Алматы» және «Бо­рал­дай» өзендерінің арналарын қайта жаң­ғыр­ту бағытында 19,4 шақырымына жұмыс­та­рына 1 млрд 586 млн теңге бөлінді.

Құрылысқа тұрмыс сай
Жасыратын несі бар, мысалы «сырты жылтырап, іші қалтырап жүрген» кісі ту­раны не ойлар едіңіз? Тіршілігінде тірі кі­сінің тұрмысы туралы да осылай деуге болар. Өйткені көшең көрікті болғанмен, тұрғындар жыртық көйлекпен жүрсе, кез келген адам ұяттан өртенбей ме? Сондықтан жергілікті билік те қолға алынған әр істің арғы жағындағы ұятты ойлап, шаруаны шешуде ойды ақылға жеңдіріп келеді.
Айталық, Алатау - атына заты сай болуы керек. Ендеше, не істеу керек? Бұл мәселеде аудан әкімі Бағдат Мәнізоров ең алдымен аудан орталығын қалыптастыруды қолға алып, халық сенімін оятты. «Шаңы­рақ - 2» шағынауданы орталық болып белгіленгенде де біраз жұртқа бұныңыз түс секілді көрінген. Ақыры сол жерде Алатау аудан әкімшілігі аппараты бой көтеріп, қоныстанды. Осы заманғы ғимараттың екі қапталын ала прокуратура мен сот және аудандық салық басқармасы мен халыққа қызмет көрсету орталығына арналған 3 ғи­марат салынды. Нәтижесінде аудан тұр­ғындары бір мәселені шешу үшін әр есікті қақпайтын болды, бар шаруасын бір жер­ден бітіріп қайтады. Мұндай оңтайлы мүм­кіндік Алматының басқа аудандарында жоқ деуге болады.
Сонымен қатар былтыр аудандық ішкі істер басқармасының 5 қабатты ғимараты қолданысқа берілді. Оның ішінде спорт, құрал-жабдықтар орнатылған жаттығу залы, мәжіліс залы, күрес, ату залы және мұражай бар. Бәрінің жалпы көлемі 8 мың шаршыметрді құрайды. Айта кетер жайт, бұл басқарманың ғимараты осы салада еліміз бойынша кездеспейтін, баламасы жоқ құрылыс нысанына жатады.
Сонымен қатар «Саялы» шағынауда­нын­да автокөлікке қатысты барлық қызмет түрін көрсететін АВТОЦОН құрылысы жүргізілуде. Оның қаржылық құны - 1 млрд 768 млн теңге. Бұл да бірегейлігімен ере­­шеленетін құрылыс. Жақында тұсауы ке­­сілетін орталыққа қалалық Жол поли­ция­сы қоныс аудармақшы.
Сондай-ақ қазіргі таңда Индустриялық орталық құру бойынша бірқатар шаралар атқарылды. Атап айтсақ, Индустриялық орталық құру мен іске асырылуының тұ­жы­­рымдамасы; «Алматы қаласында ин­дуст­риялық орталық салудың техникалық-экономикалық негіздемесі» бойынша құ­рылыс жобасы жасалынды, «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық істері» агенттігінің «Жобаларды мем­лекет­тік ведомстводан тыс сараптау» РМК-нан қорытынды алынды, Индустриялық аймақ құрылысына ауданда 490 гектар жер көлемі анықталды;
Индустриялық орталықта 20 мың жұ­мыс орнын ашатын 150-ден астам кәсі­по­рындарын салу жоспарлануда. Индустрия­лық орталықта орналастырылатын кә­­­сі­порындар Қазақстан Республикасының «Үдемелі индустриалды-инновациялық да­му мемлекеттік бағдарламасының» 7 са­ласы бойынша жұмыс істейтін болады.
Алдағы уақытта жұрттың мәдени дең­гейін көтеру мақсатында 1000 орынға ар­налған 4 кинотеатрмен бірге концерттік зал, спорт кешені, 2017 жылы Алматы қа­ла­сында өткелі отырған халықаралық Универсиаданың өтуіне байланысты, 20 мың адамға арналған спорт кешені салын­бақ. 2017 жылы халықаралық Универсиа­да­дан соң, студенттер қалашығы болып қалмақ.
Осындай жобалардың сәтті іске аса­тын­дығын ойлағандықтан, амалсыздан Алатау ауданына көшуге бел буғандар да табылуда. Қаланың у-шуынан шаршағандар бұл ай­мақты нағыз тынығатын аймақ деп есеп­тейді.
Алатау ауданы құрылған жылдары 1200 оқушы оқитын мектептерде 3500-ге дейін балалар оқыған, бүгінгі күні балаларға са­палы білім алуға әрқайсысы 1200 орындық 9 жалпы білім беретін мектеп салынды.
Жасыратыны жоқ, ұлт санының күрт өсуі, ауданға қоныстанған қандастары­мыз­дың көптігі және оларды тіркеуге алудың жақсаруы мен жеделдеуі мектептерді кө­бірек салуды қажетсініп отыр. Мәселен, білім шаңырақтарының жетіспеушілігі, оқушылар санының шамадан тыс көптігі 12 294 балаға арналған 16 мектеп салуды қа­жет етеді. Бүгінгі таңда 7 148 оқушы ша­ма­дан тыс артық.
Тұрмыс жағынан айтар болсақ, 2009-2012 жылдар аралығында 270 көпқабатты тұрғын үй салынып, оған 5 млрд 759 млн теңге бөлінді. Ал 2013-2015 жылдар аралы­ғында «Ақкент», «Алғабас», «Ақбұлақ» ықшамаудандарында 141 тұрғын үйдің салу жоспарланған. Осы деректердің барлығы жұртқа жасалған және жасалар жақсы­лықтардан хабардар етеді. Тұрмыс түзеліп келеді, енді ойдың да түзелгені керек. Өркениеттің есігі қала шетінде де есік қағып тұр. Бұл есі бар азаматтарды жұмыла жұмыс істеуге шақыратын алғашқы белгі.

«Білімді балалар бізден де шығып жатыр»
Бұл сөзді аудан әкімі Бағдат Мә­ні­зоровтың өз аузынан естідік. Тіпті ол осын­дай жетістікке жету үшін аудандық білім бөлімінің бастығын да өзгертіп, осы салада талантты балаларды көбейтіп, белгілі бір жетістіктерге жету үшін білікті маманды басшылық қызметке тағайындапты. Нәтиже бірден жемісін берген. Мысал көп: №149 жалпы білім беретін мектептін оқу­шысы А.Саттарова «Ғылым әлемін аша­мыз» атты халықаралық конференцияда «Үркер» медалін иеленді. Ал физика және химиядан ТМД және Балтық елдерінің VІ олимпиадасында физикадан №166 физика-математикалық лицейдің оқушылары
К.Фролов, Е.Марченко 3-орынды иеленді. Президенттік олимпиаданың ең үздік ғылыми жұмыстарға арналған қалалық байқауына «Тарих» бойынша қатысқан
10-сынып оқушысы А Өзібаева 2-орынды жеңіп алды. «Золотое руно» халықаралық интеллектуалдық ойынында №82 жалпы білім беретін мектептің оқушылары З.Са­дауқас 1-орынға, А.Жылқыбеков 2-орынға ие болды.
Талантты да дарынды ұл-қыздарды тәр­биелеп жүрген ұстаздар қауымы да назардан тыс қалмай, ұдайы көтермелеу шаралары жасалып келеді. Бұл құрметтен адам жа­нына арашашы болудан айнымаған ақ х­алатты абзал жандар да тыс қалмауда.

Дені саудың - елі сау
Бұрындары аумақта адам денсаулығына көңіл бөлу деген ақырет болғанын жасыруға болмас. Сырқаттанған жұрт ақшасы болса, ақылы емханаларды, тамыр-таныстарын, тіп­ті халық емшілерін де жағалап кетті. Осы ауыртпалықтан ел-жұрт түбегейлі арылды. Ауданда 3 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп келеді. Олар: №14, №22 қалалық емханалар және «Заря Востока» шағынауданындағы алғашқы дәрігерлік жәрдем беру орталығы. Мұның алғашқысы 2010 жылы пайдалануға беріліп, бүгінде «Шаңырақ -1,2» және «Өжет» шағынаудандарынан бір ауысымда 200 адам қабылдай алады. Ал қызмет көр­сетілетін жалпы тұрғын саны - 34 396.
№14 қалалық емхана бір ауысымда
200 адам қабылдайды, «Әйгерім -1,2», «Түркістан», «Көкқайнар», «Құрылысшы», «Трудовик», «Саялы», «Ақбұлақ» шағын- ауданында тұратын 37685 тұрғынға мінсіз қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар.
Үшінші емхана «Заря Восток», «Ұлжан - 1,2», «Байбесік», «Дархан» шағынаудан­дарынан бір ауысымда 200 адам қабыл­дайды. 24 453 тұрғынға қызмет көрсетуге лайықталған.
Сондай-ақ «Ұлжан» шағынауданында ауысымына 500 адамды қабылдайтын ем­хана салынды.
Сонымен қоса Алатау ауданында
7 медициналық пунктер қызмет етеді.
Медициналық қызметті одан әрі жақ­сарту үшін биылғы жылдың өзінде «Дархан» шағынауданында бір ауысымда 200 адам қабылдайтын қалалық емхана құрылысы 760 млн 800 мың теңгеге түспекші.
«Алғабас» шағынауданында бір ауы­сымда 500 адам қабылдайтын емхананың құрылысына жобалық-сметалық құжат­та­ма жасалды.
«Денсаулық - зор байлық» демекші, халықтың сергектігі - сананың сергектігі. Аур­маған кісінің ауылынан той тарқамай­тыны анық. Тұрмысты жақсартатын да, тынысты ашатын да, мерейімізді тасытатын да денсаулық. Төрт жылда 40 жылға бергісіз жұмыс жасалды дер болсақ, мұның барлығы денсаулықтың арқасы. «жақсы сөз - жа­рым ырыс» демекші, жүрекке жылы, құ­лақ­қа жағымды естілетін жаңалық атау­лының да басым көпшілігі денсаулық са­­­­ласына қатысты айтылады. Мысалы, ау­мақта ару-сырқау көрсеткіші төмендеген, са­нитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақ­сарған. Тіпті аудан әкімі бас болып апта сайын өткізілетін сенбіліктерді жұрт ұмыт­пақ емес. Есесіне қоқыстан арылмай­тын аулалар мен ауылдар, көшелер тазала­нып, ел мәдениеттің мәйегін түсіне баста­ды.

Өндіріссіз өмір бола ма?
Алатау ауданының даму қарымы мен қар­қыны жыл өте арта түспесе, кеміп жатқан жоқ. Бұл өз кезегінде Елбасының қазақстан­дықтардың әл-ауқатын арттыруды нұсқаған салиқалы саясатының жергілікті жердегі жарқын көрінісі. Әсем де айшықты қаламыз Алматының қарқынды дамуының айқын нышаны. Елдігіміздің негізі - 20 жылдық тәуелсіздігіміздің жемісі деп нық сеніммен айта аламын.
Бағдат МӘНІЗОРОВ,
Алатау ауданының әкімі
Мынадай нарық заманында өмірді өндіріссіз елестету мүмкін емес. Ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қар­қында дамуы салық түсімдерінің көр­сеткішінен байқалады. Атап айтсақ, мем­лекеттік бюджетке түскен салық 4 жыл ішінде 4 млрд теңгеден 13 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде республикалық бюджетке түскен салықтың үлесі 3 млрд теңгеден 7 млрд теңгеге дейін өсті. Ал жер­гілікті бюджетке түскен үлес 1 млрд тең­геден 4 млрд теңгеге жетті.
2008 жылдан бергі көрсеткіш бойынша өнеркәсіп саласында өндірілген өнім келемі 2,5 млрд теңгеден 25 млрд теңгеге же­тіп, нақты өнімнің көлемі 105,7 пайызды құрады.
Қазір өткен жылдармен салыстырғанда құрылыс және тамақ өнеркәсібі өндірісі көрсеткішінің өскендігі байқалады. Осы ретте, ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндіріске жаңа инновациялар мен өнді­рістік жоғары технологияларды енгізу
жо­лында белсенді жұмыстар атқаруда.
Қо­­л­­ға алынған шаралар ауданның ин­­­вес­тиция-лық қорының 11 млрд теңгеге жетіп, аудандағы жұмысшылардың орташа еңбекақысы 58 мың теңгеден 93 мың тең­геге өсуіне де өз септігін тигізген.
Төрт жыл аралығында аудан аумағында тіркелген заңды тұлғалар саны 435-тен 1404-ке, ал жеке кәсіпкерлер 1800-ден 7112-ге өсіп, оларда жұмыс істейтін адам са­ны 21 625-ті құрады.
Ауданның жалпы тауар айналымы 889 млн теңгеден 50 млрд теңгеге жетіп, ондағы бөлшекті сауда үлесі 28 млрд теңге, ал кө­терме сауда 22 млрд теңгені құрады. Соны­мен қатар аудан құрылғаннан бергі
4 жылда «Арзан» көтерме маркеті, «Домил­лион» сауда орталығы, «Метро», «Кеш энд Керри» сауда кешені, «Санжар», «Халық», «Мың Жылқы» сауда үйлері ашылып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Сондай-ақ Қазақстан аумағында жел­деткіш шығаратын бірден-бір кәсіпорын «АВЗ» ЖШС Алатау ауданында ашылды, бұл кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Кәсіпорын өнімдері халықаралық барлық талаптарға сай және «АВЗ» ЖШС-нің өнімдері шет мемлекет­терге экспортқа шығарылуда.
Соңғы 4 жылда ауданның 15-ке жуық кә­сіпорны Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміт­кер және «Қазақстанның үздік тауары» өңір­лік конкурс-көрмесіне қатысып, «Мас­ло Дел» және «АВЗ» ЖШС-тері өз са­лалары бойынша жеңімпаз атанды.

Жұртты жүдетпеудің жолы көп
Аудан құрылған 4 жылда 14 Ұлы Отан соғысы мүгедегі мен ардагерлеріне мем­ле­кеттік тұрғын үй қорынан пәтер бе­рілді. Со­ғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зей­неткерлер санатына жататын 496 аза­матқа санаторийге емдік демалыс алуға жол­дама берілді.
2009 жылы ауданда 2500 бала дүниеге келсе, оның 7-уі егіз. Аудан ашылғалы үш отбасында үшем дүниеге келді. Аудан өмі­ріндегі осындай қуанышты жағдайға орай, өткен жылы Отарбаевтар отбасына 2 бөл­мелі, Қуатовтар отбасына 3 бөлмелі пәтер­дің кілті табыс етілді.
Екі қолға бір күрек ұстаған кісінің өзегі талмасы анық. Сондықтан жұмыс орын­дарын көптеп ашып, күнкөрістің көзін тауып берудің өзі зор еңбек. Атап айтар болсақ, 2009 жылы Алатау ауданы бойынша жұмыс орынын ашудың бекітілген жылдық жос­парлы көрсеткіші 2013 адам болса, жылдық жоспарлы көрсеткіш 140 пайызға орын­далып, жаңадан ашылған жұмыс орында­рының саны 2818 адамды құрады. Сонымен қатар 2010 жылы - 500, 2011 жы­лы - 2009 жұмыс орны ашылды.
Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту бөлімінде келген жұмыссыз азамат­тардың саны - 782 адам, ал жұмыссыз ре­тінде тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар 403 адамды құрап отыр. 9 айда 250 азамат жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 66 адам орналастырылып, 9 айда тапсырма 106 пайызға орындалды. 318 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмысқа қатыстырылды. Ал кәсіптік біліктілігін арттыру мақсатында 160 азаматқа жолдама беріліп, 160 азамат кәсіптік оқу мен қайта даярлау курстарын өтті. Жоспар 100 пайызға орындалды. Бұл оқулардың мақсаты - еңбек нарығында жұмыссыздардың бәсекелестiк қабiлетiн, бiлiмiн, кәсiптiк дағдысын жетiлдiре отырып, жаңа жұмыс орындарын табу мүмкiндiгiн ұлғайту.
Алатау ауданы бойынша 268 ана «Алтын алқа», 339 ана «Күміс алқамен» марапат­тал­ды, ал биылғы 9 айда «Алтын алқаға» - 15, «Күміс алқаға» - 16 ананың құжаты қа­былданып, қалалық әкімдікке жіберілді, 26 ана тиісті наградамен марапатталды.
Сонымен қатар ағымдағы жылдың 9 айында тұрмыс деңгейі төмен азаматтар, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар қатарынан 441 адамға, 3 млн теңгеге бір жолдық материалдық көмек көрсетілді.
Бүгінгі күнде гигиеналық құралмен 108 мү­гедек қамтамасыз етілсе, 27 мүгедек қоларбамен, 77 адам шипажайда емделуге жолдама алды, протезді-орто­пе­диалық көмекке 123 адам жолдама алып, 5 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 8 адам сурдоаудармашылармен, I топтағы 45 адам мүгедектердің жеке көмекшілерімен қамтамасыз етілді.
Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау мақ­сатында, «Үйде тәрбиеленетін және оқи­тын мүгедек балалардың отбасына ар­налған жәрдемақының тағайындау және төлеу тәртібі туралы» ережесіне сәйкес, жыл басынан 81 балаға 2 млн 381 мың теңге жәрдемақы төленді.

Түйін:
Міне, біздің аудан осындай. Алатау ауданының авторы - Елбасы. Еңсесін көтерген - Есімов.
...Қараңғы­лық қоюлана түсе сыртқа шықтық. Әкім­шіліктің алдындағы теп-тегіс әрі жарық алаң­да бүлдіршіндер футбол ойнап жүр. «Ба­лалар аулаға да еніп кетіпті ғой» дедік жігіттерге.
- Ойнасын, аға, Алатаудың алтын аза­мат­тары осылар болады. Олар өз жері, өз бас­панасы барын осылай сезінеді, - деді әкімішіліктің жігіттері.
Қарапайым жұрт қоныстанған Алатау енді бірер жылда қаланың бір орталығына ай­налары даусыз. Бұл бағытта орасан зор жұ­мыстар жасалуда. Тек ел иігілігін көр­сін!

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520