Ержан Жұмабек. Жас толқын – жыл келгендей жаңалық
Сүйінші! «Жалын» баспасынан «Жас толқын» сериясымен жас авторлардың кітаптары жарық көрді. Кітаптар Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың бастамасымен Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша оқырман қауымға жол тартты.
Сүйінші! «Жалын» баспасынан «Жас толқын» сериясымен жас авторлардың кітаптары жарық көрді. Кітаптар Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың бастамасымен Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша оқырман қауымға жол тартты.
Министр Дархан Мыңбай алқалы бір жиындағы баяндамасында «Жаһандық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан қоғамы қандай болуы керек? Біздің игерілмеген қорларымыз бен мүмкіндіктеріміз қандай? Сондай-ақ тағы да не жасауға болады деген сұрақтардың жауабын Елбасымыздың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына өту идеясынан көреміз» деген еді. Президент аталған тезистік мақаласында масылдық психологияға қарсы өткір ойларын қоғам талқысына ұсына отырып: «Жалпы мұндай психологияға әділдікке негізделген шынайы еңбек қана лайықты жуап беретінін ескерсек, қоғам мүшелерінің еңбек етуінен бастап оның марапатқа жетуіне дейінгі жолы елдің көз алдында өтуі тиіс. Әділ еңбек адам бойындағы толайым рухтың көрсеткіші. Дәл сондай рух қана ерік, жігерді тәрбиелеп, күшті жанып, отаншылдық сезімін қалыптастырады», - дейді. Елбасының осы сөздерінен мысал келтіре сөйлеген Дархан Мыңбай мырза шығармашылыққа деген құлшыныс жас авторлардың да бойынан табылуы қажет екендіген ескерткен. Ал жастардың шабытты құлшынысын оятатын мүмкіндік олардың ой-толғамдарына еркіндік беріп, қанат байлау болып табылады. Қысқасы, жас ақындар мен жазушылар билік тарапынан нақты қолдаудың бар екендігіне көз жеткізді. Ол - «Жалын» баспасынан жарық көрген «Жас толқын» сериясы. Осы ретте мен аталған серия бойынша шыққан кітап авторларының атынан министр Дархан Мыңбай мырзаға шексіз алғысымды білдіремін! Ол кісінің әдебиеттегі жас буын өкілдері үшін жасаған игілікті ісі туған ұлтының дамуына қосқан елеулі бір үлесі деп білемін.
«Abai.kz»