Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2415 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 08:34

«Жас Отанның» ІІ құрылтайы өтеді

16 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының республикалық ІІ съезі өткізіледі. Дәл осы жиында жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданып, нақты іс-шаралар бекітілмек. Мемлекеттік жастар саясатының алдағы даму бағыты мен жастардың рухын көтерер жиыннан күтеріміз мол.

16 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанатының республикалық ІІ съезі өткізіледі. Дәл осы жиында жастар саясатының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданып, нақты іс-шаралар бекітілмек. Мемлекеттік жастар саясатының алдағы даму бағыты мен жастардың рухын көтерер жиыннан күтеріміз мол.

Сәкен МЫҢБАЕВ, «Жас Отан» жастар қанатының Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
- «Жас Отан» жастар қанатының рес­пуб­ликалық ІІ съезін асыға күтіп отыр­мыз. Өйткені дәл осы съезде мемлекеттік жастар саясатының алдағы даму бағыт­тары мен негізгі іс-шаралар тізбегі бе­кі­тіледі. «Жас Отан» жастар қанаты күн санап қанатын кеңге жаюда. Бүгінде белсенді «жасотандықтардың» саны 200 мыңнан асып жығылады. Елдің түкпір-түкпірінде жастармен бірлесе жұмыс істеп жатқан бірден-бір ұйым да - «Жас Отан» жастар қанаты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың съезге арнайы қатысуы да белсенді жастарды бір сер­пілтіп тастайтыны анық. Мемлекет бас­шысы съезге қатысу арқылы ел болаша­­­­­ғы - жастарға үлкен сенім артатынын көр­сетеді. Алдағы жиында «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілмек. Бұл тек «жасотандықтар» үшін ғана емес, жалпы еліміздегі барша жастар үшін қажетті бағдарлама. Дәл осы стратегия арқылы жастардың бірқатар проблемалары оңтайлы шешімін табады деген сеніміміз бар. Себебі құжатта жас отбасын, жас кәсіпкерлерді қолдаумен қатар, жастарға сапалы һәм әлемдік стандарттарға сай білім беру мәселелері де жан-жақты қам­тылған. «Жас Отан» жастар қанатының ІІ республикалық съезінің жұмысына тек қана сәттіліктер тілеймін. Елдің дамуына бірігіп атсалысайық дегім келеді жас­тарға.
Нұрбол БАКИРОВ, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
- Үстіміздегі жылдың 16 қарашасында Астана қаласында Елбасының қатысуы­мен «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ ІІ съезі өтеді. Съезд жұмысы барысында «Жастар - Отанға» атты 2020 жылға дейін­гі «Жас Отан» ЖҚ стратегиясы қабыл­данады. Маңызды құжат қабыл­данған сәттен бастап, мемлекеттік жастар саясатының одан әрі кең етек жаюына ықпал ететіні сөзсіз. Алдағы уақытта «жасотандықтарды» серпінді жобалар мен нәтижелі жұмыстар күтіп тұр. Ел дамуы жолында жастар аянып қалмайды деп білемін. Съезд жұмысына сәттілік тілеймін.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499