Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2706 0 пікір 13 Қараша, 2012 сағат 08:59

Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше болды

Қазақстан Республикасының Бірік­­кен Ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі Кеңесіне сайлануы Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздіктің барлық жыл­дарында адам құқықтарын қорғаудың ұлт­тық жүйесін дамыту бағытында жүргі­зіп келе жатқан жоспарлы да жүйелі әрі бел­сенді жұмысының нәтижесі болып табы­лады деп санаймын. Біздің еліміз базалық ха­лықаралық құқық қорғау құжаттарының басым көпшілігіне қосылды. Елімізде аза­маттық қоғамды дамытудың кепілі болып саналатын адам құқықтарын қамтамасыз ету үшін нормативтік және институция­лық база құрылды.
Қазақстан Республикасының Кеңеске қабылдануы халықаралық қауымдас­тық­тың Қазақстанның гуманитарлық саладағы қызметін оңды бағалауының нәтижесі.
Адам құқықтары жөніндегі Кеңестің мүшесі болу Қазақстанның БҰҰ маңызды құқық қорғау органдарының қызметіне анағұрлым белсенді түрде қатысуына, ха­лықаралық құқық қорғау қауымдас­ты­ғында интеграцияны жеделдетуге және осы салада оңды тәжірибе алмасуға ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Бұған қоса, Кеңестің мүшелігіне сай­лану әрбір азаматқа Конституция мен заң­дарда кепілдік берілген құқықтарды тиімді жүзеге асыруды бұдан былай да қамтама­сыз ету жолында анағұрлым зор жауапкер­шілік жүктейді.
2002 жылы Қазақстанда Омбудсмен институтының құрылуы мемлекеттің про­гресс жолындағы батыл ерік-жігерінің айқын айғағы.

Қазіргі уақытта Омбудсмен Қазақстан­дағы, сондай-ақ шетелдердегі көптеген құқық қорғау органдарымен сындарлы жұмыс жүргізіп келеді. Оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі ғаламат рөлі елімізде шынайы да сындарлы адам құқықтарын қалыптастыруға ықпал етуде.
2012 жылы қазақстандық ұлттық құқық қорғау мекемесі БҰҰ ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Халықаралық үйлестіру комитетінде ойдағыдай тіркеуден өтті. Бұл оқиғаны мемлекеттің құқық қорғау меха­низмдерін ойдағыдай құру және қалыптас­тыру жолындағы батыл іс-қимылы ретінде қабылдаған жөн.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480