Сенбі, 23 Қараша 2024
3194 6 пікір 10 Маусым, 2022 сағат 15:18

Дәулет Тұрлыханов: Дикий Арман туралы жаман ештеңе айта алмаймын

Қазақстанның Еңбек сіңірген спортшысы Дәулет Тұрлыханов журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында  "Дикий Арман" лақап атымен таныс Арман Жұмагелдиев туралы айтты.

"Ол кезде Белградта күрес федерациясының үлкен конгресі өткен. Мұнымен қатар бокстан әлем чемпионаты жүріп жатты. Қонақ үйдің астындағы дәмханада отырғанда Арманды көріп қалдым. Ол келіп, амандасты. Бірге суретке түстік. Кейін боксшыларға сыйақысын беріпті. Енді Дикий Арман туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Себебі өз көзіммен көрген жоқпын, алып-қашпа әңгімеге ілеспеймін", – деді ол.

Тұрлыханов «өсіп келе жатқан жастарды бақылауда ұстайтын» Дикий Арман сияқты азаматтар саясатта керек екенін айтады.

"Саясатта Арманға ұқсаған тіпті одан асып түсетін азаматтарға мүмкіндік беру керек. Өйткені өсіп келе жатқан жастарға қарауы қажет. Егер бақылау болмаса, жастар бірігіп, түрлі топтар пайда болады. Айтайын дегенім, қазақтың жас батырлары керек. Өкінішке орай, қазір ешкімді батыр деп айта алмаймыз. Бұл – мемлекеттің кемшілігі", – дейді ол.

 

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435