Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2486 0 пікір 14 Маусым, 2022 сағат 12:02

Бішкекте үлкен митинг болды

13 маусымда Бішкек қаласында президент әкімшілігі мен үкімет үйі алдында 200-ден астам кәсіпкер митинг ұйымдастырды. Олар касса аппараттары мен шот-фактура енгізуге қарсы шығып, патент жүйесін қалдыруды талап етті.

Касса аппараттарын қолдамайтындар дүйсенбі күні Талас облысында да жиналды. Мұндағы митингіге 80-ге жуық адам қатысты.

Кәсіпкерлер талабын үкімет басшысы Ақылбек Жапаров тыңдады. Ол касса аппараттарын енгізуге он күндік мораторий жарияланатынын, айыппұл салынбайтынын мәлімдеді. Премьер-министр Қырғызстанның түрлі өңірлерінен он адам жинауды ұсынды. "Бәріміз бірге дұрыс жол табуға тырысамыз. Шот-фактураның сіздерге қатысы жоқ, ол тауар жеткізушілерге ғана жүреді", - деді Жапаров.

11 маусымда Ақылбек Жапаров "Дордой Food" базарының кәсіпкерлерімен де кездескен. Базардағы саудагерлер де касса аппараттарына қарсы.

Биыл 18 қаңтарда қабылданған Салық кодексіне сәйкес, елдегі кәсіпкерлердің бәрі касса аппараттарын пайдалануы тиіс. Бірақ мұндай өзгеріске жергілікті кәсіпкерлер дайын болмай шықты. Олар осыған дейін де бірнеше мәрте митинг өткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114