Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4215 0 пікір 19 Қараша, 2012 сағат 07:59

Рейтинг: Мәжіліс депутаттары

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының ықпалдылық және қызметтік өсу рейтингісі

Ағымдағы жылдың 15 жұлдызында Қазақстан Республикасының депутаттық корпусының V шақырылымы 10 айға толады. Депутаттық корпус үш партиядан - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы (83 депутат), Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (8 депутат) және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы (7 депутат), Қазақстан халқы Ассамблеясы (9 депутат) өкілдерінен құралады. Бұл жағдай Қазақстандық Парламентінің төменгі палатасының жұмыс барысында плюрализм мен альтернативті пікірлердің пайда болуына әкеледі.

 

Осыған орай, «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары арасында ең ықпалды және қызметтік өсімі барларын анықтауға бағытталған рейтинг жасады.

 

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ

ЫҚПАЛДЫЛЫҚ РЕЙТИНГІСІ

 

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының ықпалдылық және қызметтік өсу рейтингісі

Ағымдағы жылдың 15 жұлдызында Қазақстан Республикасының депутаттық корпусының V шақырылымы 10 айға толады. Депутаттық корпус үш партиядан - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы (83 депутат), Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (8 депутат) және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы (7 депутат), Қазақстан халқы Ассамблеясы (9 депутат) өкілдерінен құралады. Бұл жағдай Қазақстандық Парламентінің төменгі палатасының жұмыс барысында плюрализм мен альтернативті пікірлердің пайда болуына әкеледі.

 

Осыған орай, «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары арасында ең ықпалды және қызметтік өсімі барларын анықтауға бағытталған рейтинг жасады.

 

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ

ЫҚПАЛДЫЛЫҚ РЕЙТИНГІСІ

 

Аталмыш рейтинг ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты статусына дейінгі қызмет еткен орны (мансабы), ҚР Президенті тарапынан сенім деңгейі, туыстық қарым-қатынастар, билік элитасындағы байланыстары мен мүмкіндіктері, саяси, экономикалық және медиалық ресурстардың бар болуы факторларымен есептелді. Бұл факторлар парламентшілердің өмірбаянын зерттеу мен потенциалын анықтайтын түрлі масс-медиадағы жариялымдар арқылы анықталды.

 

Осылардың негізінде зерттеу ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымының депутаттық корпусындағы ең ықпалдыларын анықтауға мүмкіндік берді:

 

Мәжіліс депутаттары

Мәжіліс депутаттары

1

Нұрлан Нығматулин

18

Айгүл Соловьева

2

Дариға Назарбаева

19

Мұхтар Тінікеев

3

Темірхан Досмұхамбетов

20

Серікжан Қанаев

4

Қуаныш Сұлтанов

21

Гүлнәр Ыхсанова

5

Мәулен Әшімбаев

22

Гүлжан Қарағұсова

6

Қайырбек Сүлейменов

23

Нұрлан Әбдіров

7

Оңалсын Жұмабеков

24

Омархан Өксікбаев

8

Зағипа Балиева

25

Қожахан Жабағиев

9

Дарья Клебанова

26

Сағиятолла Сәрсенов

10

Ерген Дошаев

27

Серік Оспанов

11

Серік Үмбетов

28

Мұрат Әбенов

12

Орал Мұхамеджанов

29

Нұрғали Әшім

13

Қабиболла Жакыпов

30

Рахмет Мұқашев

14

Сергей Дьяченко

31

Жұматай Әлиев

15

Владислав Косарев

32

Николай Логутов

16

Айткүль Самақова

33

Тұрарбек Асанов

17

Нұртай Сәбильянов

34

Уәлихан Бішімбаев

 

Сонымен, төмендегі факторларды есепке ала отырып, Парламент Мәжілісіндегі 10 ең ықпалды және беделді депутаттары тізімі белгілі болды:

Мәжіліс депутаттары

Ықпалдылық факторлары

1

Нұрлан Нығматулин

  • ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы және «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясының жетекшісі
  • Кеңестік комсомолдық номенклатурасына қатысы
  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары және қазіргі партияның Саяси кеңес Бюросының мүшесі
  • 2011 жылғы президенттік сайлаудағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты қолдау республикалық штабының жетекшісі
  • Мемлекет басшысы тарапынан жоғарғы сенім деңгейі

 

2

Дариға Назарбаева

  • ҚР Президентімен отбасылық-туыстық қарым-қатынасы
  • ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы
  • Қоғамдық-саяси ( «Асар» Республикалық партиясы, ҚР Тұңғыш Президент Қоры) и медиялық («Хабар» Агенттігі) құрылымдарындағы бұрынғы басшылық қызметі
  • ҚР Парламенті Мәжілісі III шақырылымының депутаты (2004-2007 жж.)
  • Қазақстан журналисттер Конгресі атқарушы комитетінің төрайымы
  • Медиялық ресурстарды («АЛМА-ТВ», НТК, «Европа плюс Казахстан» радиостанциясы) бақылауы
  • 2012 жылдың мамыр айында «Forbes Kazakhstan» журналында жарияланған Қазақстандағы ең бай азаматтар тізімінде орын алуы (13 орын, байлығы - 593 млн. долларға тең)

 

3

Темірхан Досмұхамбетов

  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • 1998-2003 және 2003-2006 жж. ҚР Президенті Іс басқарушысы
  • Мемлекет басшысы тарапынан жоғарғы сенім деңгейі
  • Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті

 

4

Қуаныш Сұлтанов

  • Кеңестік партиялық номенклатурасына қатысы
  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • 2001-2011 жж. ҚР Парламенті Сенатындағы жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • 1993-1995 жж. «Қазақстанның халықтық бірлігі» одағының, кейін Қазақстанның халықтық бірлік партиясының жетекшісі
  • Мемлекет басшысы тарапынан жоғарғы сенім деңгейі

5

Мәулен Әшімбаев

  • ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
  • Кеңес заманы кезіндегі атақты жазушы және мемлекеттік қайраткер Сағат Әшімбаевтың отбасына қатысы
  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы

 

6

Қайырбек Сүлейменов

  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • 2008-2009 жж. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

 

7

Оңалсын Жұмабеков

  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • 2007-2008 жж. ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары

 

8

Зағипа Балиева

  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • Дариға Назарбаевамен достық қарым-қатынасы

 

9

Дарья Клебанова

  • ҚР Парламенті Мәжілісінің III (2004-2007 жж.) және IV (2007-2011 жж.) шақырылымдарының депутаты
  • 2012 жылдың мамыр айында «Forbes Kazakhstan» журналында жарияланған Қазақстандағы ең бай азаматтар тізімінде орын алған бизнесмен Александр Клебановпен жұбайлық қатынасы (27 орын, байлығы - 198 млн. долларға тең)
  • Медиялық ресурстарды («СТВ», «7-й канал», «Tengri FM» радиостанциясы, «Vesti.kz» сайты) бақылауы

 

10

Ерген Дошаев

  • ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасары
  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісі лауазымын атқарған Аслан Мусиннің жоғарылатылған тобында бар болуы
  • 2007-2012 жж. ҚР Парламенті Мәжілісінің аппарат жетекшісі

 

Көріп отырғанымыздай, осы рейтингтің бірінші орнына Нұрлан Нығматулин мен Дариға Назарбаева бәсекеге түсе алады. Мемлекет басшысының отбасы құрамында болу факторы әлі де болса жоғарғы мемлекеттік жұмыстағы мол тәжірибе мен республика президентінің жеке үлкен сеніміне жетуінен аса алмайды.

Келесі Мәжілістің алты депутаты аталмыш ондыққа енуі тек атқарған салмақты қызмет тізімінің болуымен, соның негізінде мемлекет басшысы алдында жақсы көрінуі және мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі үлкен байланыстың болуымен түсіндіріледі. Осы адамдарда басқа ықпалды ресурстары жоқ.

Дарья Клебанованың ықпалдылығы жұбайының қаржылық және медиа активтерінің бар болуымен, сонымен қоса үш рет Мәжіліс депутаты болып сайлануға мүмкіндік берген «Нұр Отан» ХДП басшылығы алдында жақсы көрінуімен түсіндіріледі. Айта кетерлік бір жәйт, ол парламентарийлер арасындағы жалғыз орыс этносы өкілі және орыстілді журналисттер ортасында абыройлы болып келеді.

Ерген Дошаевқа келсек, оның бұрынғы жұмысындағы тәжірибесі ҚР Президент Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусинмен байланыстығымен түсіндіріледі. Соңғы парламенттік сайлау тікелей Аслан Мусиннің бақылауымен өткенін ескеретін болсақ, онда Дошаевтың Мәжіліс депутаттары тізіміне кіруіне Мусиннің еңбегі бар. Сонымен қатар, Мусиннің Есеп комитетіне ауысуына байланысты, мемлекеттік аппараттағы ықпалдылығы төмендеуіне орай, оның мүмкіндіктері мен адамдарын (оның ішінде Дошаев та) жоғарлату күшінің бәсеңдеуін күтуге болады.

 

Ықпал етуге аз мүмкіндіктері бар парламентшілер тобы мынадай:

 

Мәжіліс депутаттары

Ықпалдылық факторы

1

 

Рахмет Мұқашев

  • ҚР Парламенті Мәжілісі Заңңама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы
  • Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымдарындағы жұмысы
  • ҚР Парламенті Мәжілісі II (1999-2004 жж.) и IV (2007-2011 жж.) шақылымдарының депутаты

2

 

 

Жұматай Әлиев

  • Кеңестік комсомолдық номенклатурасына қатысы
  • 2001-2008 жж. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төраға орынбасары
  • Орталық Азия университеті Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы

 

3

 

Николай Логутов

  • Кеңестік партиялық және комсомолдық номенклатурасына қатысы
  • Алматы қаласы және Алматы облысындағы басқарушылық мемлекеттік қызметтегі жұмысы

4

Тұрарбек Асанов

  • Кеңестік партиялық номенклатурасына қатысы
  • Алматы қаласындағы басқарушылық мемлекеттік қызметтегі жұмысы
  • ҚР Парламенті Мәжілісі III (2004-2007 жж.) и IV (2007-2011 жж.) шақырылымдарының депутаты

5

Уәлихан Бішімбаев

  • «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Төраға орынбасары Қуандық Бішімбаевпен отбасылық-туыстық қарым-қатынасы

 

Байқағанымыздай, Рахмет Мұқашев пен Жұматай Әлиев мемлекеттік аппараттағы өздерінің бұрынғы жақсы орында отыруларына қарамастан, олар ықпал ету ресурстарымен шектелген. Ал Тұрарбек Асанов пен Николай Логутовтың позицияларына келетін болсақ, олардың ықпал ету шегі тек белгілі бір аймақпен қарастырылады. Уәлихан Бішімбаевқа тоқталар болсақ, оның кәсіби қызметі тек жоғарғы білім жүйесімен байланыстырылады. Мәжіліс депутаты ретіндегі оның ықпал ету деңгейін тек оның баласының мемлекеттік аппараттағы орны мен байланысымен түсіндіріледі.

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІК ӨСУ РЕЙТИНГІСІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің V шақырылым 107 депутаттарының арасында қызметтік өсуі байқалатын депутаттар тізімі:

 

1. Дариға Назарбаева.

2. Нұрлан Ныгматуллин.

3. Темірхан Досмұхамбетов.

4. Қожахан Жабағиев.

5. Мәулен Әшімбаев.

6. Ромин Мадинов.

7. Сағиятолла Сәрсенов.

8. Мұрат Әбенов.

9. Мұхтар Тінікеев.

10. Меруерт Қазбекова.

Мемлекеттік аппараттың басқарушылық жұмысындағы мол тәжірибе мен мемлекет басшысының сеніміне ие болған Нұрлан Нығматулин мен Темірхан Досмұхамедов Президенттің жеке кадрлық резервіндегі алдыңғы қатарында тұр. Сол себептен олардың әрқайсысы кез келген уақытта орталықтағы мемлекеттік органның немесе еліміздің бір аймағының негізгі басшылық позицияларына отырулары мүмкін. Сонымен қатар, Мәулен Әшімбаев туралы да айтуға болады. Оның жақсы қызмет тізіміне қоса жас ерекшелігі де оңтайлы жағдай жасайды..

Жоғарыда аталған азаматтардан гөрі Дариға Назарбаевада, Сағиятолла Сәрсеновте, Мұрат Әбенов пен Меруерт Қазбековада орталықтағы мемлекеттік органдарында басқарушылық жұмыс тәжірибелері жоқ. Бірақ олардың әрқайсысы өздерінің депутаттық қызмет бабында белсенділік мен біліктілік деңгейін көрсетуде. Қоғамда және республиканың элитасында осылайша өздерін көрсету арқылы аталмыш тұлғалар өздеріне мемлекеттік аппаратта және квазимемлекеттік құрылымдарда қажеттілік тудыртады.

Парламентшілердің төрттігіндегі ең жас Сағиятолла Сәрсеновке назар аударуға тұрарлық. Оның жас ерекшелігімен қатар, белгілі қоғамдық-саяси қайраткер мен меценат Өмірзақ Сәрсеновпен отбасылық қарым-қатынас факторы және еліміздің бизнес-қауымдастығы жұмысында мол тәжірибесі мен байланыстары жақсы жағдай жасайды.

Қожахан Жабағиев 2008-2009 жж. Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарды. Сол кезде министр болып қазіргі ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов болған еді. Сондықтан да, осы тұлға кезінде бірге істескен Жабағиевті Үкіметтің жұмысына шақыруы әбден мүмкін.

Осындай болашақ Мұхтар Тінікеевті де күтуі мүмкін. Себебі ол Үкімет басшысы сияқты - бір аймақтан. Сонымен қатар, Тінікеевте басқа парламентшілерден гөрі ҚР Жоғарғы кеңесі XII шақырылымынан (1990-1993 гг.) басталған депутаттық жұмыста мол өтілі бар. Және де ол ешқашан биліктің орталық атқарушы органдарының басқарушылық позицияларында істеп көрмеді.

Ромин Мадиновке келетін болсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымында Аграрлық мәселелер комитетіндегі үлкен басшылық тәжірибесі жаңадан жасақталған Үкіметке және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені қызметінде қажетті болуы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН НӘТИЖЕЛЕР

Бұл зерттеудің нәтижелері Қазақстандағы билік элитасында толық ықпал ету және парламенттік қызметте оны тиімді пайдалану үшін  басшылық қызмет тәжірибесі мен мемлекеттік аппараттағы жақсы байланыстар аздық ететінін көрсетеді. Парламент Мәжілісінің ең ықпалды 34 депутаттарының ішіндегі азаматтар осыған дейін мемлекеттік қызметте болмаса да, үлкен саяси (партиялар, қорлар, ҮЕҰ және т.б.), экономикалық және медиялық ресурстарға ие.

Көрнекті болу үшін ықпалды депутаттар рейтингісінде орын алған Қабиболла Жақыпов пен Сергей Дьяченко позицияларын алуға болады. Олардың әрқайсысы парламенттің кіші палатасындағы вице-спикер лауазымы өздігінен ықпал ету мүмкіндігін қамтамасыз ете алмайды. Тек мемлекет басшысы алдында жақсы көрінуінен басқа аталмыш парламентшілерде ықпал ету ресурстары жоқ.

Сонымен қатар, Мұрат Әбеновтың депутаттық қызмет тәжірибесі, қоғамда танымалдылық факторы мен жақсы пиар ықпалдылықтың көрсеткіші бола алмайды. Түйткілді мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік аппараттың бейресми жұмыс істеу тәртібіне сәйкес аса тысқарылықты сақтап, өз жариялылығын салмақты жүзеге асыру орынды.

ҚР Парламенті Мәжілісі V шақырылымының депутаттары арасындағы қызметтік өсу рейтингісі парламентшілер көбісінің мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік емес құрылымдарындағы мол жұмыс тәжірибесіне қарамастан, мемлекеттік аппараттағы және квазимемлекеттік құрылымдардағы басшылық орындарына тағайындалу мүмкіндігі өте төмендігін көрсетеді.

Осыған орай, болашақта ҚР Парламенті Мәжілісі мемлекеттік кадрлық резервті қалыптастырудың шынайы әрі өзекті механизміне айналуы қажет. Және соның құрамындағы тұлғалар мерзім аяқталған соң зейнеткерлік демалысқа шықпай, қайта қоғам мен елге одан әрі қызмет етуін қамтамасыз ету қажет.

«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жұмысына мониторинг жасап, олардың мансаптық қозғалыстарын бақылауды жалғастырады. Алдағы уақытта жұмыстың әлеуметтік маңыздылық деңгейін ескере отырып, парламентшілер арасында жаңа рейтингтер жасалады.

«Abai.kz»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420