Сенбі, 23 Қараша 2024
1848 1 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 14:14

Қазақстан Иранға бір миллион тонна астық жібереді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иран Ислам Республикасына жасаған сапары барысында екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы министрлері Иранға 1 млн тонна көлемінде астық дақылдарын жеткізу туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлаған.

Астық 2022-2023 жылдарың егінінен жеткізілетін болады.

Сонымен бірге, екі ел ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат шеңберінде Қазақстан Иранға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері), майлы дақылдар (зығыр тұқымы), өсімдік майлары (күнбағыс майы), кондитерлік өнімдер, ет (қой еті, сиыр еті) және ет өнімдерін жеткізуге ниетті.

Өз кезегінде Иран Қазақстанға көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қияр), жемістер (алма, алмұрт, айва, құрма, інжір, Ананас), су мен сүт өнімдерін жеткізетін болады.

Айта кету керек, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында ҚР мен ИИР арасындағы АӨК саласындағы тауар айналымы 167,5 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% артық. Экспорт 1,6 есеге өсіп, 135,7 млн долларды, ал импорт 16,1% артып, 31,8 млн АҚШ долларын құрады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406