Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Саңлақ 6137 2 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 14:34

Ауыр атлетика жарысында Қазақстан жеңіс тұғырынан көрінді

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Айта кетсек, әлем чемпионаты 11-18 маусым аралығында Мексиканың Леон қаласында өткізілді. Дүбірлі додада қазақстандық ауыр атлеттер 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иегері атанды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орын алды.

Әлем чемпионатында ел құрамасынан Ерасыл Сәулебеков (67 келі), Едіге Емберді (73 келі), Денис Полубояринов (80 келі), Никита Абдрахманов (102 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді.

Ал Надежда Ли (62 келі) күміс алса, Александра Беленко (40 келі) және Ерасыл Омаров (55 келі) қола жүлдеге қол созды.

Жалпы командалық есепте Колумбия және Түркия құрамалары үздік үштікке жайғасты.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155