Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2849 1 пікір 21 Маусым, 2022 сағат 14:15

Тартымды Қазақстанда тұруды жазсын

Петербордағы форумда президент Тоқаев алаңдататын бір тенденцияны айтты. Алайда президенттің ол сөзіне ешкім көңіл аудармады. Бар назар негізінен ЛНД, ДНР, кеосаяндарға ауып кетті. Тоқаев жасанды интеллект пен футурологиялық болжамнан әжептеуір хабары барын көрсетті. Президент озық технологиялар туралы айта отырып, мықты мамандардың Қазақстаннан кетіп жатқанын және оларға мүмкіндік туғыза алмай отырғанымызды мойындады. Ең бастысы, “бұл біздің қателігіміз” деп ашып айтты. Ал Путин болса, Қазақстанда IT-мамандарға қолайлы жағдай жасалғанын айтып, ресейлік мамандардың Қазақстанға кетіп жатқанын және Ресей Қазақстаннан үлгі алу керектігін жеткізді.

Глобализация игілін көріп қалған, шетелге емін-еркін шығып жүрген азаматтардың санкциялардың астына түскен елде тұрғысы келмейтінін түсінікті ғой. Бірақ санкциясыз күндердің өзінде де мықты ресейлік мамандардың Қазақстанға келуі екіталай деп ойлаймын. Олардың ең мықтылары АҚШ-қа, Европаға кетеді. Біздегі жағдай да шамамен осындай екенін президент біліп отыр. Бұған ресми статистика дәлел - бүгінде елімізде миграцияның теріс сальдосы тіркеліп отыр, яғни елден көшіп кеткендердің саны елге көшіп келгендерден көп. Менің таныстарымның арасында да елден көшіп кеткендер жетерлік. Көшіп кеткендердің барлығы дерлік өз саласының майталмандары. Штучный кадрлар. Оларға еліміздегі саяси жағдай ұнамайды.

Елімізді бірінші кезекте өзімізге, сосын өзгелерге тартымды ету үшін не істеу керек? Ол үшін саяси реформалардың имитациясынан бас тартып, шынайы демократиялық реформаларды жүзеге асыру керек. Сонда ғана экономика дамиды, сонда ғана азаматтардың табысы артады, сонда ғана адамдар өз потенциалын өз елінде аша алады. Мықты мамандардың эмиграциясын тоқтатудың басқа жолын көріп тұрғам жоқ. Біз Жаңа Қазақстанды, Мықты Қазақстанды, Сапалы Қазақстанды ескі, нашар, сапасыз мамандармен құра алмаймыз. Ең бастысы, біз Тартымды Қазақстанды ұсқынсыз саяси технологиялардың көмегімен, көзбояушылықпен құра алмаймыз. Бәрімізге сол Тартымды Қазақстанда тұруды жазсын.

Нұрбек Матжани

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377