Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 5375 3 пікір 24 Маусым, 2022 сағат 00:17

Ұлттық қорды ортайтқан кім?

Жақында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Ұлттық қордан бөлінген миллиардтаған қаржының мақсатсыз жұмсалғанын айтқан болатын. Оның сөзінше, шенеуніктер 2015 жылдан бері Ұлттық қорды белсенді тұтынып келеді. Соның кесірінен қор 2022 жылдың басында 55 миллиард долларға дейін азайған. Бұл ретте қор қаржысын пайдаланудың арнайы заңы бар. Бірақ ол орындалмай келеді.

2021 жылы Ұлттық қордан 4,5 триллион теңге алынып, тек 4,3 триллион теңге түскен.

«Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы бойынша, шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзушылық фактісі анықталды. 290 млрд теңгенің 20 жобасында атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеуге қатысты заң бұз фактілері анықталды», - деген еді ол.

«Ulys media» тілшісі Ұлттық қордан Үкімет басшыларының әр жылдары қанша сома қаржыны жұмсағаны туралы жазыпты.

Кәрім Мәсімов (2007-2012)

2001-2015 жылдар аралығында Ұлттық қордан бюджетке 9,9 трлн теңге немесе 60,2 млрд доллар бөлінді. Мәсімовтің келуімен жыл сайынғы трансферттер шамамен $6,7 млрд құрады, алайда нысаналы трансферттер 2008 жылдан басталды.

2007 жылдың басында Ұлттық қорда 1,8 трлн теңге болған. 2008 жылдың соңында қаражат өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Алайда нысаналы трансферттерге 607 млрд теңге жұмсалды. Сыртқы аудитті жүргізуге 2,6 млрд теңге жұмсалды.

2009 жылы Ұлттық қорда 4,5 трлн теңге қаражат жинақталды. Сыртқы аудитке 2,8 млрд теңге аударылды. Кепілдендірілген трансферт көлемі 843 млрд теңгені, нысаналы трансферт көлемі 261 млрд теңгені құрады.

2010 жылы Ұлттық қорға түсетін түсімдер мұнай бағасының өсуіне байланысты ұлғайды және жылдың соңына қарай онда 5,7 трлн теңге тұрды. 2010 жылы нысаналы трансферттерге қаражат бөлінген жоқ. Кепілдендірілген трансфертке 1,2 трлн теңге жұмсалды. Сыртқы аудитке 3,9 млрд теңге жұмсалды.

2011 жылы Ұлттық қор 7,9 трлн теңгеге дейін өсті. Кепілдендірілген трансфертке 1,2 трлн теңге аударылды. Сыртқы аудитке 4,1 млрд теңге жұмсалды.

2012 жыл - Ұлттық Қордың жемісті жылы. Қаражаты 10,4 трлн теңгеге жетті. Кепілдендірілген трансферт көлемі 1,380 трлн теңгені құрады. Тағы 5,7 млрд теңге сыртқы аудитке жұмсалды. Масімов кезінде трансферттер мен қаражатты ескере отырып, сыртқы аудитке 6,2 трлн теңге жұмсалды.

Серік Ахметов (2012-2014)

Бір жарым жыл үкіметті басқарған Серік Ахметовтың кезінде нысаналы трансферттер үшін шлюз ашылды да Ұлттық қор «қауіпсіздік жастығының» рөлін атқара бастады. Бұл жылдары  Ресей-Украина қақтығысы басталған, Батыстың Ресейге салған санкциялары Қазақстанға да әсер етті. 2013 жылы ҰҚ кірісі 13 трлн теңгені құрады. Кепілдендірілген трансферт көлемі 1,380 трлн теңге болса,  сыртқы аудитке 6,5 млрд теңге бөлінді.

2014 жылы Ұлттық қордың жалпы активі 16,4 трлн теңгеге дейін өсті. Алайда кепілдендірілген трансферттер көлемі 1,480 трлн теңгеге ұлғайды, ал нысаналы трансфертке 475 млрд теңге жұмсалды. Сыртқы аудитке 8,6 млрд теңге бағытталды. Айта кету керек, 2014 жыл Ұлттық қордың өнімді жылы болды, қорда 77 млрд доллор жиналды.

Нәтижесінде Серік Ахметов кезінде Ұлттық қордан 3,34 трлн теңге шығын шыққан.

Кәрім Мәсімов (2014-2016)

2015 жылы Ұлттық қор 16,4 трлн теңгеден 25,7 трлн теңгеге дейін өсті. Дағдарысқа қарсы күреске қосымша сомалар қажет болды. Кепілдік берілген трансферт көлемі 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал нысаналы трансферттер көлемі 754 млрд теңгеге жетті. Тағы 12,1 млрд теңге сыртқы аудитке бағытталды.

2016 жылы Қор көлемі 23,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Мәсімовтың Үкімет басына екінші рет келуі ҰҚ қаражатын 2,87 трлн теңгеге дейін қысқартты, ал жалпы шығындар 5 трлн теңгеден асты. Оның бірінші және екінші үкімет басқарған жылдарын қоссақ, шығын 11 трлн теңгеден асады.

Бақытжан Сағынтаев (2016-2019)

Бақытжан Сағынтаевтың басшылығымен Ұлттық қордан 10 трлн теңге алынды. Бұл өткен жылдардағы шығын көлемімен салыстырғандағы ең жоғары көрсеткіш. ҰҚ-дан қаражат алудың шыңы 2017 жылға сәйкес келеді. Трансферттер көлемі 4,4 трлн теңге болды, бұл бюджеттің 46 пайызын құрайды. Сол кездегі Ұлттық қор кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев үрейлене бастады. Тіпті 2020 жылға қарай кепілдендірілген трансфертті 2 трлн теңгеге дейін төмендетуді тапсырды.

Асқар Мамин (2019-2022)

Үкіметке Мамин келген кезде Ұлттық қордың жалпы активі 26 трлн теңге болды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша кіріс 27,4 трлн теңгеге дейін өссе де, шығын 3 трлн теңгеден асты. Атап айтқанда, кепілдендірілген трансферттер 2,7 трлн теңгеге, ал нысаналы трансферттер 370 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Сыртқы аудитке 13 млрд теңге жұмсалды. Яғни, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қорға 3 трлн теңге шығын келді.

2020 жылы пандемия басталып, Мамин ҰҚ-дан 4,8 трлн теңге бөлуді сұрады. Ал 2021 жылы трансферттер көлемі тағы 4,5 трлн теңгеге өсті. Нәтижесінде бұл жылдар Ұлттық қордан 11,3 трлн теңге жұмсалды. Асқар Мамин Ұлттық қордан қаржы жұмсаудың ең жоғары рейтингісіне шықты.

Ал, қазіргі Үкіметбасы Әлихан Смайылов Ұлттық қордан бірнеше триллион бөлуді сұрады. Президент Тоқаев премьер-министрдің бұл сұрауына таңғалғанын жасырмады.

«Ұлттық қордан трансферттер 2020 жылы 4,8 трлн теңгені, ал 2021 жылы 4,5 трлн теңгені құрады. Биыл Үкімет тағы 4,6 трлн теңге сұрайды. Бұл өте көп ақша. Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға сүйенбеуге тиіс. Трансфертті біртіндеп қысқарту керек», - деді Смайыловтың сауалына Мемлекет басшысы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1561
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3363
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6357