Облыс әкімі жастармен жүздесті
Кеше Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінде Семей қаласының белсенді жастар ұйымдарының жетекшілерімен, студент жастармен кездесті.
Кездесуге денсаулық, білім, ғылым, мәдениет, спорт саласындағы жас мамандар, өндіріс саласындағы жұмысшы жастар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, студенттік «Жасыл Ел» және құрылыс жасақтарының мүшелері және т.б. жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты - жастар саясатын, аймақтық жастар бағдарламаларын жүзеге асыру, облыс жастарының белсенділігін арттыру, жастардың азаматтық және рухани дамуына жағдай жасау.
-Елімізді іргелі мемлекетке айналдыру сіздердің қолдарыңызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына, бәсекеге төтеп беруге дайын болуы керек. Отанымыздың санасы сергек, жаңа заманның технологияларын меңгерген нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ, - деді кездесуде облыс әкімі Б.Сапарбаев.
Облыста 395 мыңнан астам жас бар. 120-дан астам жастар ұйымы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жастардың хал-ахуалы қандай, олар немен айналысып жүр, бос уақыттарын қалай өткізеді, міне, осы мәселелер төңірегінде қаладағы жастар ұйымдарының басшылары баяндама жасап, атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Жастар Семей қаласындағы спорттық ғимараттарды ретке келтіріп, студенттерге пайдалануға беру, студенттердің жолақысын облыс орталығындағы тарифпен теңестірудің жолдарын қарастыру, Көңілділер мен тапқырлар клубының облыстық лигасын құру және дамыту мәселелерін облыс әкіміне жеткізді. Бердібек Сапарбаев кездесу барысында көтерілген мәселелерді өз назарына алатындығын атап көрсетті.
- Көтеріп отырған проблемаларыңыз дұрыс, осылайша пікірлеріңізді ашық білдіруді үйренген жөн. Қай істе болмасын өзара пікір алмасып, ортақ шешім шығарған тиімді, -деді аймақ басшысы.
«Абай-ақпарат»