Мемлекеттік тілдің мәртебесін түсірген басшылардың құны көк тиын
Алматы облыстық әкімдік отырысында облыс әкімдігінің былтырғы ақпанда шыққан «Алматы облысы аумағында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы» қаулысының орындалу барысы талқыланды. Қаулы шыққалы жылдан асты. Алғашында маңызды істе оң нәтижелер көрініс бере бастаған болар деген ойымыз теріске шықты. Қазақ тілінің қадірін арттыру жөнінде батыл шаралар қолға алына бастаған алғашқы жылдары жұмысы басқа облыстарға үлгі болған Жетісу жерінде бүгінде мемлекеттік тілге деген көзқараста ала-құлалық пен немкеттілік орын ала бастаған сыңайлы. Бірқатар аудандар мен облыстық деңгейдегі мекемелер осыдан бірер жыл бұрынғы көрсеткіштерінен де айырылып қалыпты. Мәселен, Алакөл және Жамбыл аудандары сынды халқының денін жергілікті жұрттың өкілдері құрайтын аудандар былтыр 2007 жылғы жетістіктерінен де төмендеп, қазақ тілінің қолданыс аясын мүлде тарылтып жіберіпті. Сонымен бірге білім, денсаулық, туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармалары сынды болашақ ұрпақтың білімді, денсаулығы мықты, салауатты болып өсуіне ықпал ететін салалардың мемлекеттік тілді менсінбеуіне кіріскені қарын ашырады. Осы орайда, облыс әкімі Серік Әбікенұлының аталған аудандар мен басқармалар басшыларына қазақ тілінің қадірін қашырғандарына орай реніш білдіріп, білім және денсаулық сақтау басқармаларының жаңа басшыларына: «Мен сендерді мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіру үшін басшылыққа қойғам жоқ.
Алматы облыстық әкімдік отырысында облыс әкімдігінің былтырғы ақпанда шыққан «Алматы облысы аумағында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту туралы» қаулысының орындалу барысы талқыланды. Қаулы шыққалы жылдан асты. Алғашында маңызды істе оң нәтижелер көрініс бере бастаған болар деген ойымыз теріске шықты. Қазақ тілінің қадірін арттыру жөнінде батыл шаралар қолға алына бастаған алғашқы жылдары жұмысы басқа облыстарға үлгі болған Жетісу жерінде бүгінде мемлекеттік тілге деген көзқараста ала-құлалық пен немкеттілік орын ала бастаған сыңайлы. Бірқатар аудандар мен облыстық деңгейдегі мекемелер осыдан бірер жыл бұрынғы көрсеткіштерінен де айырылып қалыпты. Мәселен, Алакөл және Жамбыл аудандары сынды халқының денін жергілікті жұрттың өкілдері құрайтын аудандар былтыр 2007 жылғы жетістіктерінен де төмендеп, қазақ тілінің қолданыс аясын мүлде тарылтып жіберіпті. Сонымен бірге білім, денсаулық, туризм, спорт және дене тәрбиесі басқармалары сынды болашақ ұрпақтың білімді, денсаулығы мықты, салауатты болып өсуіне ықпал ететін салалардың мемлекеттік тілді менсінбеуіне кіріскені қарын ашырады. Осы орайда, облыс әкімі Серік Әбікенұлының аталған аудандар мен басқармалар басшыларына қазақ тілінің қадірін қашырғандарына орай реніш білдіріп, білім және денсаулық сақтау басқармаларының жаңа басшыларына: «Мен сендерді мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіру үшін басшылыққа қойғам жоқ. Өз ұлтының құндылықтарын қадірлей алмайтын жетекшілердің маған бес тиынға да керегі жоқ. Сұмдық қой, бастық болғандарыңа алты ай енді толады, жарты жылда басқаны айтпағанда, ана тілімізді аттан түсіріп тастауға жақындапсыңдыр. Сондықтан тез арада серпіліңдер, өйтпейді екенсіңдер, сендер жасай алмай жатқан қызметті абыроймен атқаратын азаматтарды табамын» дегені, мемлекеттік тілге қатысты талапты төмендетіп жіберген басқа лауазымдыларға да сес болғаны анық.