Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2470 1 пікір 30 Маусым, 2022 сағат 14:38

Украина Еуропалық сотқа Ресейдің үстінен шағымданды

Украина Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттқа Ресейдің үстінен шағым түсірді. Киев Мәскеуді басқыншылық жасау, бейбіт тұрғындарға қасақана шабуылдау арқылы халықаралық құқықтарды өрескел бұзды деп айыптады.

Шағым 23 маусымда қабылданған, ал сейсенбі күні кешке еуропалық сот өкілі Роберт Спано оны судьяларға тапсырып, Ресейге хабар жіберді. Бұл туралы Страсбургтегі соттың баспасөз мәлімдемесінде айтылған.

Құжатта бұл істі қозғауға Украинаның басқа да төрт шағымы, сонымен бірге сегіз мыңнан астам адамның өтініші себеп болғаны хабарланды.

Шағымда Ресей Федерациясының Украина аумағындағы әскери әрекеттері кезінде тіркелген адам құқықтарын жаппай әрі өрескел бұзу деректері туралы айтылған. Киев ресейлік әскерді және Ресей бақылауындағы басқа да қарулы топтарды мыңдаған бейбіт тұрғынды өлтірді, жүздеген мың нысанды жойды, миллиондаған адамның босып кетуіне себеп болды деп айыптады.

Биыл 16 наурызда Ресейді Украина аумағына басып кіргені үшін Еуропа Кеңесінен шығарып тастады. 16 қыркүйектен бастап Ресей Адам құқықтары жөніндегі еуропалық конвенцияға қатысушы мәртебесінен айрылады.

11 маусымда Ресей президенті Владимир Путин Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттың 15 наурыздан кейін шығарған шешімдерін орындамау туралы заң жобасына қол қойды.

"Агора" адам құқықтарын қорғау тобының өкілі Кирилл Коротеев Путин мақұлдаған заң жобасы Адам құқықтары мен басты еркіндіктерін қорғау жөніндегі еуропалық конвенцияға қайшы келеді. Құжатқа сәйкес, Ресей еуропалық сот шығарған түпкілікті шешімдерді мүлтіксіз орындауы тиіс.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036