Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 2291 8 пікір 1 Шілде, 2022 сағат 13:32

Ұлттық банктің қазіргі әрекетін қолдаймын

Дәл қазіргі ұлттық банктің іс әрекетін қолдаймын. Ара-тұра долларды негізсіз қымбаттатқанынан басқасын. Ресейге 2014-те алғашқы санкция салынғанда Назарбаев Қазақстанда долларды 185 теңгеден ұстап тұрды. Ресейде 1 күнде доллар 2 есе қымбаттады. Біз долларды қолдан ұстадық. Есесіне рубль 2.5-ға түсіп кетті. Жұрттар Ресейден жаппай зат сатып ала бастады. Естеріңізде болса көліктер, пәтерлер, азық түлік бәрі Ресейден қаптады. Еліміздегі аз ғана өндіріс жабылу алдында қалды. Жазда долларды қымбаттатты. Бірақ 9 айда ұлттық банктің 28 миллиард доллар жаратып жіберді. Сұрауы жоқ не деген ақша деймін?! Сол ақшаға неше завод, фабрика соғар еді. Қызығын Ресей көрді. Сонша ақшаны қалай жоқ қылғанының есебін де бермеді-ау.

Енді рубль қымбат. Ресейде бүгін доллар 51-ге түсті. Дәл қазір рубльдің артынан қуалаудың қажеті жоқ. Бізде онсыз да экономика Ресей үшін жұмыс істеп келген еді. Керек болса рубльді 10-ға шығара салсын. Сол кезде Ресейдің тауарлары қымбат болады. Есесіне біздің тауарлар арзанға түседі. Ресей енді бізден тауар ала бастайды. 2015-тегі рубльден қазіргі рубль 3 есе қымбат. Ауылдан 1 фура дарбыз апарсаң теңгемен 3 есе көп табыс табасың. Жалпы рубльге жалтақтамай осылай теңгені нық ұстау керек. Осы жағынан Тоқаевқа риза болып отырмын. Алдында рубльді арзан ұстағаны үшін Ресейдің тауарынан аяқ алып жүре алмадық. Енді бізде шықпаса да басқа жерлердің тауарын іздейтін болдық.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563