Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2409 1 пікір 4 Шілде, 2022 сағат 14:53

Қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы cотталды

Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды.  

Бішкек Первомай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 2022 жылдың 27 маусымында шығарылған. Ол Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Оған екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді", - деді сот өкілдері.

Токтоучиков 2021 жылдың сәуірінде мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен қамауға алынған. Қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы - Қырғызстан азаматы.

Бұл іс бойынша белгілі саясаттанушы Марат Қазақпаев та күдікті болған, оған қатысты сот қылмыстық істі тоқтатты, себебі Қазақпаев биыл 10 маусымда инсульттан қайтыс болды. Ол ҰҚКҰ тергеу изоляторында болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006