Дүйсенбі, 27 Қазан 2025
2562 1 пікір 4 Шілде, 2022 сағат 15:03

7 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алды

Жыл басынан бері 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлаған.

«Биылғы бірінші шілдедегі есеп бойынша 7 415 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды»,- делінген деректе.

Қазақстанға оралған қандастардың 70,2%-ы Өзбекстаннан, 10,4%-ы Қытайдан, 7,4%-ы Түркіменстаннан, 3,2%-ы Моңғолиядан және 8,8%-ы басқа елдерден келген. Келгендердің көбісі Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.

1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 95,3 мың этникалық қазақ оралды.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1144
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10577